Télécharger Imprimer la page

Sony LMD-2451MT Manuel D'utilisation page 232

Masquer les pouces Voir aussi pour LMD-2451MT:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 32
Ескерту
Қауіпсіздікке қатысты
• Құрылғыны тек 100-240 В кернеуде
пайдаланыңыз.
• Жұмыс істеу кернеуін көрсететін тақта айнымалы
ток адаптерінде берілген.
• Қорапқа қатты нəрсе немесе сұйықтық төгіліп
кетсе, құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз жəне
əрі қарай пайдаланбас бұрын маманға тексертіңіз.
• Бірнеше күн немесе біраз уақыт пайдаланылмаған
жағдайда құрылғыны қабырға розеткасынан
ажыратып қойыңыз.
• Айнымалы ток сымын ажырату үшін ашадан ұстап
тартыңыз. Сымның өзін ешқашан тартпаңыз.
• Розетка құрылғыға жақын жəне қол жетімді жерде
болуы керек.
• 3D көзілдірігін күннен қорғайтын көзілдірік
ретінде пайдаланбаңыз.
• 3D көзілдірігін көзді қорғау үшін пайдаланбаңыз.
• 3D көзілдірігін дəнекерлеу көзілдірігі ретінде
пайдаланбаңыз.
• 3D көзілдірігін киіп көлік жүргізбеңіз.
• 3D бейне суреттерін көрген кезде үзіліс жасап
тұрыңыз.
• 3D көзілдірігінің имек тұтқасын қозғалтқан кезде
саусақтарыңызды имек тұтқаның топсасына
қысып алмаңыз.
Орнатуға қатысты
• Қалыпты ауа айналымы болу үшін ішкі қызып
кетудің алдын алыңыз.
Құрылғыны желдету саңылауларын бітейтін
(кілем, көрпе, тағы басқа) беттерге немесе
материалдарға (перде, шүберек) жақын қоймаңыз.
• Құрылғыны радиатор немесе булық сияқты ыстық
болатын жерлерге немесе тікелей күн сəулесі
түсетін жерге, өте шаң, дірілдейтін немесе соққы
болатын жерлерге орнатпаңыз.
• Мониторды трансформатор немесе жоғары
кернеулі желілері сияқты магнит тудыратын
жерлерге орнатпаңыз.
СКД кескін дисплейі
СКД тақталарының физикалық сипаттарына
байланысты ашықтық нашарлауы мүмкін немесе
ұзақ пайдалану кезінде түс температурасы өзгеруі
мүмкін. Бұл мəселелер ақаулық емес.
10
KZ
Ескерту
Оған қоса, осы жағдайлар жазылған деректерге əсер
етпейді.
Сұйық кристалды дисплей
панелі туралы
• Құрылғыға бекітілген сұйық кристалды дисплей
панелі кемінде 99,99% пиксел қатынасындағы
жұмыс істеуді қамтамасыз ететін жоғары
дəлдіктегі технологиямен жасалған. Сондықтан
пикселдің өте кішкентей пропорциясы «дақ»
болып қалады, əрқашан өшіп тұрады (қара),
əрқашан жанып тұрады (қызыл, жасыл немесе
көгілдір) немесе жыпылықтап тұрады. Сонымен
қатар, көп пайдалағандықтан жəне сұйық
кристалды дисплейдің физикалық сипаттамасына
байланысты пиксел «дағы» өз-өзінен пайда
болады. Бұл ақаулар дұрыс жұмыс істемей тұр
дегенді білдірмейді.
• Сұйық кристалды дисплей экранын күнге қаратып
қалдырмаңыз, ол сұйық кристалды дисплей
экранын зақымдауы мүмкін. Терезенің алдына
қойған кезде абайлаңыз.
• Сұйық кристалды дисплей экранын баспаңыз
немесе тырнамаңыз. Сұйық кристалды дисплей
мониторының экранына ауыр зат қоймаңыз. Бұл
экран тұтастығының жоғалуына əкелуі мүмкін.
• Құрылғы суық жерде пайдаланылса, экранда
бұлыңғыр сурет шығады. Бұл ақау емес. Монитор
қызған кезде экран қалыпты күйге келеді.
• Экран мен корпус жұмыс істеген кезде қызады.
Бұл ақау емес.
Қызуға қатысты
Сұйық кристалды дисплей панеліндегі тұрақты
түрдегі қызу қозғалмайтын суреттер экранда бір
қалыпта үздіксіз көрсетілген кезде немесе ұзақ
уақыт бойы көрсетілген кезде болады.
Қызуды тудыратын суреттер
• 16:10 қатынасынан басқа жасырылған суреттер
• Ұзақ уақыт бойы қозғалмай қалған түсті жолақтар
мен суреттер
• Параметрлерді немесе жұмыс күйін көрсететін
таңбалар мен хабарлар
Қызып кету қаупін алдын алу
• Көрсетіліп тұрған таңбаларды өшіріңіз
Таңбаларды өшіру үшін MENU (Мəзір) түймесін
басыңыз. Жалғанатын құрылғыны көрсететін
таңбаны өшіріп, жалғанатын құрылғыны
сəйкесінше жалғаңыз. Толық мəлімет алу үшін
жалғанатын құрылғының пайдалану нұсқаулығын
қараңыз.

Publicité

loading