Télécharger Imprimer la page

Oral-B PROFESSIONAL CARE OXYJET+1000 Manuel page 68

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 9
Oral-B 3D White қондырмасы
Oral-B 3D White қондырғысы арнайы
тістерді жылтырату және кофе, шәй
және табактың дақтарын кетiру
арқылы табиғи ағарту үшін арналған.
Егер сіздің тісіңізде брекет болса, онда Braun
Oral-B 3D White қондырғысын қолдануға
болмайды. Бұл қондырғыны сонымен қатар
12 жасқа толмаған балаларға да қолдануға
болмайды.
Барлық саптамаларда көгілдір INDICATOR
қылтандары бар, ол сізге саптаманы қай
уақытта ауыстыру керек екендігін білу үшін
көмектеседі. Күнделікті тісті 2 рет 2 минуттан
ұқыпты тазалағанда көгілдір қылтандар
шамамен 3 ай ішінде жартылай түссіздене
бастайды, бұл Сізге саптаманы ауыстыру қажет
екендігін хабарлайды.
Тазалау бойынша кеңестер
Пайдаланып болғаннан кейін қондырғыны
бірнеше секунд бойы сабын қоса отырып аққан
судың астында жуу керек (e). Сапты өшіріп
саптан қондырғы не басқа бөлшекті алыңыз.
Барлық бөліктерін жеке аққан судың астында
жуыңыз да щетканы қайта жинап алудан бұрын
құрғатып сүртіңіз. Қолсапты тұғыр-тіреуішіне
қайта орнатыңыз.
Ирригаторды қолдану
Ирригаторды қолданбас бұрын, суға арналған
контейнерді сумен толтырыңыз (17) да,
ирригатор қолсабын (16) раковинаның
үстінен ұстап тұрып, судың барлық көлемін
қондырғыдан өткізіңіз.
• Саптамалардың (10) бірін шертілгенге (f) дейін
тұтқаға қосыңыз. Контейнерді жылы сумен
толтырып, қалауыңызша ауыз шаю
сұйықтығын қосыңыз. Алдымен жылы су
құйып, содан соң ауыз шаю сұйықтығын
қосқаныңызға көз жеткізіңіз (g).
• Ирригаторды қосу/өшіру (13) (h) түймешігін
басу арқылы қосыңыз. (Қолсабындағы
айырып-қосқыш төменгі күйде орналасуы
тиіс = суды жауып тастау).
• Су қысымының реттегіші (14) көмегімен су
ағысының күшін таңдаңыз (1 = әлсіз, 5 = күшті)
(3). 1-ші деңгейден бастағаныңыз жөн, әсіресе,
қызыл иегіңіз қанталап тұрған жағдайда
немесе ирригаторды балалар қолданғанда.
• Раковинаға еңкейіп, ирригатор қондырмасын
тісіңіз бен қызыл иегіңізге бағыттаңыз. Су
ағысын (j) қосу үшін айырып-қосқышты (15)
жоғарғы күйге ауыстырыңыз. Су раковинаға
ағып кетуі үшін ауызыңызды ақырындап
ашыңыз.
Айырып-қосқышты (11) жоғарғы немесе төменгі
күйге келтіру арқылы ирригатордың екі жұмыс
істеу режимінің бірін таңдай аласыз (мұны
істемес бұрын, айырып-қосқышты төменгі күйге
келтіру арқылы су ағысын жауып тастаңыз):
Қызыл иекті тазалау және уқалауға арналған
турбо ағыс (душ) (турбина айырып-қосқышы –
төменгі күйде): микрокөпіршікті турбо ағыс (душ)
нәзік уқалау мен қызыл иек астарына мұқият
кіруге арналып жасалған (l).
®
Моноағыс (ағыс) (турбина айырып-қосқышы –
жоғарғы күйде): моноағыс (ағыс) тіс араларын-
дағы қуыстардан ас қалдықтары мен тіс өңезін
жою үшін жасалған (m).
Ең ұзақ жұмыс істеу уақыты: 15 минут
Суу ұзақтығы: 2 сағат
Ирригаторға арналған саптаманы 3 ай сайын
ауыстыру ұсынылады.
Қолданыстан кейін
Әрдайым контейнердегі суды толығымен төгіңіз.
Тіс дәрігеріңіз кеңес берсе, ауыз қуысына
арналған шайғышты пайдаланыңыз, тұнбаның
қалуының алдын алу үшін Сіз контейнерді
толығымен босатқанға дейін ирригаторды таза
сумен шайыңыз. Ағынсыз суда бактериялардың
көбеюінің алдын алу үшін су ағуын ирригатор
саптамасы арқылы тоқтатқанша, Сіз
ирригаторды қосулы күйінде ұстап тұрғаныңызға
көз жеткізіңіз.
Ирригаторды сөндіру үшін қосу/өшіру түймесін
басыңыз.
Саптаманы (12) (k) алу үшін саптаманы алуға
арналған түймені басыңыз. Ирригатор сабы мен
саптаманы үнемі құрғақ етіп сүртіңіз; ирригатор
сабын қайтадан тіреуіш-негізге орналастырыңыз.
Ирригаторға арналған саптаманы арнайы
контейнерде (9) сақтаңыз.
Тазалау
Құрылғының корпусын ылғалды сүлгімен күнде-
лікті сүртіп отырыңыз. Суға және қондырмаларға
арналған контейнерлер шешіп алынады және
оларды ыдыс жуу құрылғысында жууға болады.
Жауапкершіліктен бас тарту
Бұл затқа алдын-ала хабарламай-ақ өзгерістер
енгізуге болады.
Нормативті-құқықтық сәйкестік
69

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Professional care oxyjet+3000