Bosch GBH 18V-28 DC Professional Notice Originale page 188

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 24
188 | Қазақ
– Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (7) жіберіп, екі
рет қайта басыңыз.
Жылдам өшіру электр құралындағы жұмыс шамының (9)
жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
Дірілді басу
Кіріктірілген дірілді басу функциясы
қондырылған кері маятник арқылы пайда
болатын дірілді азайтады.
Байланыс функциялары
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулімен бірге
электр құралы үшін төмендегі өзара байланыс
функциялары қолжетімді болады:
– Тіркеу және дербестеу
– Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
– Жалпы мәліметтер мен реттеулер
– Басқару
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 туралы ақпаратты
жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.
Өзара байланыс функциясын ажырату
Bluetooth® Low Energy Module модулі қосылған
u
электр құралы радио интерфейспен жабдықталған.
Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы,
ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз.
Нұсқау: қақпақты (10) Bluetooth® Low Energy Module
модулі және түймелі элемент электр құралында
орналасқанда ғана берік жабуға болады.
– Bluetooth® Low Energy Module модулін ажырату үшін
түймелі элементті айналдырыңыз немесе
оқшаулағышты түймелі элемент пен Bluetooth® Low
Energy Module модулінің арасында орнатыңыз.
– Лас кірмеуі үшін қақпақты (10) жауып қойыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Кіріктірілген Bluetooth® Low Energy Module GCY 42
u
модулі бар электр құралы радио интерфейспен
жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін,
мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда
ескеріңіз.
Bluetooth® радио технологиясын пайдалануға
u
болмайтын аймақтарда Bluetooth® Low Energy
Module GCY 42 модулі мен түймелі аккумуляторды
шығарып алу керек.
Нұсқау: қақпақты (10) Bluetooth® Low Energy Module
GCY 42 модулі және түймелі элемент электр құралында
орналасқанда ғана берік жабуға болады.
– Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулін
ажырату үшін түймелі элементті айналдырыңыз
немесе оқшаулағышты түймелі элемент пен Bluetooth®
Low Energy Module GCY 42 модулінің арасында
орнатыңыз.
– Лас кірмеуі үшін қақпақты (10) жауып қойыңыз.
1 609 92A 5SL | (26.11.2021)
Бұрғылау тереңдігін реттеу (H суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен (14) қажетті бұрғылау
тереңдігін X реттеуге болады.
– Тереңдікті шектеу тірегін орнату түймесін (13) басып,
тереңдікті шектеу тірегін қосымша тұтқаға (15)
орнатыңыз.
Тереңдік шектегішінің (14) бұдыр жағы төмен қарап
тұруы қажет.
– SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын SDS-plus
аспапының ұстағышына (2) тірелгенше жылжытыңыз.
Кері жағдайда SDS-plus-аспабының жылжымалылығы
бұрғылау тереңдігіне қате орнатылуы мүмкін.
– Тереңдік шектегішін бұрғы ұшымен тереңдік шектегіші
ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X тең
болғанша тартыңыз.
Кескіш қалпын өзгерту (Vario-Lock)
Қашауды 44 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы
жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
– Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
– Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (12) "Vario-
Lock" күйіне бұраңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне
бұраңыз.
– Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (12) "Қашау"
күйіне бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші
бұғатталады.
– Қашау үшін айналу бағытын оңға айналу күйіне
орнатыңыз.
Енгізу құралын енгізу (I суретін қараңыз)
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Бұранда ұштықтарын пайдалану үшін әмбебап ұстағыш
(22)аспап патронымен (керек-жабдықтар) керек болады.
– Тұтқаның салынатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
– Айналмалы әмбебап ұстағышты құралды бекіту
орнына автоматты түрде бекітілгенше салыңыз.
– Әмбебап ұстағышты тартып, бекітілуді тексеріңіз.
– Ұстағышқа шуруптарды бұрап бекіту сақасын
(битасын) салыңыз. Тек шуруп басына жарайтын
қондырма сақаларды пайдаланыңыз.
– Әмбебап ұстағышты алу үшін бекіту төлкесін (4) артқа
жылжытыңыз және әмбебап ұстағышты (22) құрал
ұстағыштан алыңыз.
Электр құралын ілу (J суретін қараңыз)
Ілгек (17) электр құралын арнайы ілгіш аспапқа бекітуге
мүмкіндік береді.
– Ілгекті (17) жоғары қайырыңыз.
– Ілгекте (17) зақымдалған немесе деформацияланған
жерлердің бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
Зақымдалған, деформацияланған немесе электр
құралына бұдан былай берік бекітілмейтін Ілгекті (17)
пайдаланбаңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières