3. ПАЙДАЛАНУ
3.1. ЕСКЕРТПЕЛЕР
•
Ауа шығару аймағын )өнімнің ішіндегі артқы
қабырғада( тағам өнімдерімен бұғаттамаңыз.
•
Барлық сөрелер, жапқыштар және тартып
алынатын себеттерді алуға болады.
4. ТАҒАМДЫ САҚТАУ КЕҢЕСТЕРІ
Тоңазытқыш - дайын тамақ, балғын және
консервіленген тағамды, сүт тағамдарын, жеміс
және көкөністер мен сусындарды сақтау үшін
ыңғайлы орын.
4.1. АУА ЦИРКУЛЯЦИЯСЫ
•
Ауаның тоңазытқыш бөлімінің ішіндегі
табиғи циркуляциясы түрлі температуралы
аймақтардың түзілуін тудырады. Жеміс және
көкөніс сақтау бөлімінің үстінде және артқы
қабырға аймағы аса суық. Бөлімнің жоғарғы
алдыңғы жағы аса жылы.
•
Желдету жолының жеткіліксіздігі қуат
тұтынылуының артуына және тоңазытқыш
өнімділігінің азаюына әкеледі.
4.2. БАЛҒЫН ТАҒАМ ЖӘНЕ СУСЫНДАРДЫ
САҚТАУ
•
Қайта өңделе алатын пластик, металл,
алюминий және әйнек контейнерлерді,
сондай-ақ, тағамды орау үшін ас пленкасын
пайдаланыңыз.
•
Сұйықтықтар және иісті шығаруы не сіңіруі
мүмкін тағамдар үшін әрқашан жабық
контейнерлерді пайдаланыңыз немесе бетін
жабыңыз.
•
Этилен газының үлкен мөлшерін беретін және
осы газға сезімтал жеміс, көкөністер және салад
сияқты тағамдар сақтау мерзімін қысқартпау
мақсатында бөлек оралып сақталуы керек;
мысалы, қызанақтарды киви жемісімен және
орамжапырақпен бірге сақтамаңыз.
•
Жеткілікті ауа циркуляциясын қамтамасыз ету
үшін тағамды бір-біріне жақын сақтамаңыз.
•
Бөтелкелердің аударылып кетуін болдырмау
үшін бөтелке ұстағышын пайдалануға болады
)кейбір үлгілерде қолжетімді(.
•
Егер тоңазытқышта сақталатын тамақтың
мөлшері аз болса, жеміс және көкөністерді
сақтау бөлімінің үстіндегі сөренің пайдалануын
ұсынамыз, себебі бұл - бөлімдегі ең суық аймақ.
•
Құрылғының ішкі температураларына қоршаған
орта температурасы, есік ашудың жиілігі
және құрылғының орналасқан орны әсер етуі
мүмкін. Температураны орнату кезінде осы
факторларды ескеру қажет.
•
Басқасы көрсетілмесе, құрылғы керек-
жарақтарын ыдыс жуу машинасында жууға
болмайды.
4.3. БАЛҒЫН ТАҒАМ ЖӘНЕ СУСЫНДАРДЫ
САҚТАУ ОРНЫ
•
Тоңазытқыш сөрелерінде: дайын тамақ,
тропикалық жемістер, ірімшіктер, деликатес.
•
Жеміс және көкөніс сақтау бөлімінде: жеміс,
салат, көкөніс.
•
Есікте: нан, тосап, қатық, тұздық, консервілер,
бөтелкелер, сусындар, жұмыртқа
ТАҒАМДАР ОРНАЛАСУЫНЫҢ МЫСАЛЫ
Тропикалық
жемістер
Ірімшіктер,
деликатес,
дайым тамақтар
Жемістер, салат,
көкөністер
94
Май, тосап
Тосап, қатық,
тұздық,
консервілер
Бөтелкелер
Жұмыртқа
Бөтелкелер,
сусын қатырма
қағаздары