2-Тарау: Функциялар; 6Th Sense / Profresh; Ашық Есік Дабылы; Жылдам Салқындату - Indesit SI8 A1Q W 2 Directives D'utilisation

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 51
2. ФУНКЦИЯЛАР
2.1. 6TH SENSE
/
PROFRESH
Бұл функция құрылғының ішінде оңтайлы
сақтау жағдайларының )температура және
ылғалдылыққа байланысты( жылдам орнатылуын
қамтамасыз етеді. Функция тиісінше жұмыс істеу
үшін желдеткіш те қосулы болуы тиіс. "6th Sense"
/ "ProFresh" әдепкі түрде белсендірілген. Бұл
функцияны белсендіру немесе өшіру үшін қоса
берілген Қысқаша іске қосу нұсқаулығын қараңыз.
2.2. АШЫҚ ЕСІК ДАБЫЛЫ
Есік 5 минуттан артық уақыт бойы ашық қалса,
Ашық есік дабылы іске қосылады. Дабылдың
белгісі жарық диодты есік шамының жыпылықтауы
арқылы көрсетіледі. Есік 8 минуттан артық уақыт
бойы ашық қалса, жарық диодты есік шамы өшеді.
2.3. ЖЫЛДАМ САЛҚЫНДАТУ
Бұл функцияны пайдалану тағамдардың үлкен
көлемін тоңазытқыш бөліміне салу кезінде
ұсынылады.
Жылдам салқындату
тоңазытқыш бөлімінің салқындату мүмкіндігін
арттыруға болады. Салқындату мүмкіндігін арттыру
үшін желдеткішті қосулы күйде ұстаңыз.
2.4. ЖЕЛДЕТКІШ*
Желдеткіш өнім ішіндегі температура таратылуын
жақсартып, тоңазытқыштағы тағамның жақсырақ
сақталуына мүмкіндік береді. Әдепкі ретінде,
желдеткіш қосулы болады. 6th Sense / Green
Intelligence функциясы тиісті түрде жұмыс
жасау мақсатында және қоршаған ортаның
температурасы 27 ÷ 28°C жоғары болғанда немесе
әйнек сөрелерде су тамшылары байқалса не
ылғалдылық жоғары жағдайларда желдеткішті
қосу ұсынылады. Желдеткіш қосылған кезде, оның
үздіксіз түрде жұмыс жасамайтынын ескеріңіз.
Желдеткіш құрылғының ішіндегі температура
және/немесе ылғалдылық деңгейіне байланысты
жұмысын бастайды/тоқтатады. Желдеткіш қосулы
болған жағдайдың өзінде желдеткіш қозғалмаса, ол
толықтай қалыпты құбылыс болып табылады.
Бұл функцияны белсендіру немесе өшіру үшін қоса
берілген Қысқаша іске қосу нұсқаулығын қараңыз.
Назар аударыңыз: Желдеткішті өшіру 6th Sense /
Green Intelligence функциясын өшіреді.
*Таңдамалы үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңіздегі қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН
тексеріңіз.
функциясын пайдаланып
Ескертпе:
Ауаның кіру аймағын тағамдармен бөгемеңіз.
Ортаның төмен температурасында )18°C
төменірек( оңтайлы өнімділікті қамтамасыз ету
және қуат тұтынылуын азайту үшін желдеткішті
өшіріңіз.
Құрылғының желдеткіші болған жағдайында ол
бактерияға қарсы сүзгімен жабдықталуы мүмкін.
Оны сақтау бөлімінің тартпасында орналасқан
жәшіктен шығарып, желдеткіш қақпағына
орнатыңыз.
Ауыстыру процедурасы сүзгі жәшігінде қамтылған.
2.5. ТЕМПЕРАТУРА ПАРАМЕТРІ
Құрылғы әдетте ұсынылған орташа температурада
жұмыс істеу үшін зауытта орнатылады.
Температураны орнату бойынша толық
мәліметтерді Қысқаша іске қосу нұсқаулығынан
қараңыз.
Ескертпе: Көрсетілген орнату нүктелері бүкіл
тоңазытқыштың орташа температурасына сәйкес
келеді
2.6. NO-FROST ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІ
Тоңазытқыш бөлімін еріту толық автоматты түрде
орындалады.
Тоңазытқыш бөлімінің ішіндегі артқы
қабырғасындағы су тамшылары автоматты еріту
процесінің орындалып жатқанын білдіреді. Еріген
су төгу саңылауына автоматты түрде төгіліп, кейін
контейнерде жиналып, буланады.
2.7. ТОҢАЗЫТҚЫШ ШАМЫ
Тоңазытқыш бөліміндегі жарықтандыру жүйесі
жарық диодты шам жүйесін пайдаланып, жақсы
жарықтандыру мен қуаттың төмен деңгейде
тұтынылуына мүмкіндік береді.
Жарық диод шамының жүйесі жұмыс істемесе,
оны ауыстыру үшін, қызмет көрсету орталығымен
хабарласыңыз.
Маңызды:
Тоңазытқыштың есігі ашылған кезде тоңазытқыш
бөлімінің шамы қосылады. Егер есік 8 минуттан
артық ашық күйде қалса, шам автоматты түрде
өшіріледі.
93

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Sw6 a2q w 2F160650

Table des Matières