Télécharger Imprimer la page

Bosch LR Professional 1 Notice Originale page 168

Masquer les pouces Voir aussi pour LR Professional 1:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 22
168 | Қазақ
Егер шамамен 10 мин ішінде лазер қабылдағышында ешбір түйме басылмай,
қабылдау өрісіне (6) 10 мин ішінде ешбір лазер сәулесі түспесе, лазер
қабылдағышы батарея зарядын үнемдеу үшін автоматты түрде өшеді. Өшіру әрекеті
дыбыстық сигнал арқылы көрсетіледі.
Ортаңғы сызық индикаторының реттеуін таңдау
Қабылдау дәлдігін реттеу түймесінің (2) көмегімен лазер қабылдағышының
қабылдау өрісіндегі позициясы қандай дәлдікпен "орташа" ретінде көрсетілетінін
анықтауға болады:
– "дәл" өлшеу дәлдігі (дисплейдегі (g) индикаторы),
– "орташа" өлшеу дәлдігі (дисплейдегі (b) индикаторы).
Дәлдік реттеуін әр өзгерткен сайын, дыбыстық сигнал беріледі.
Бағыт индикаторлары
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (6) орналасуы осылайша көрсетіледі:
– лазер қабылдағышының алдыңғы мен артқы жағындағы дисплейде (7) "Ортаңғы
сызық астындағы лазер сәулесі" бағыт индикаторы (d), "Ортаңғы сызық үстіндегі
лазер сәулесі" бағыт индикаторы (a) немесе ортаңғы сызық индикаторы (f)
арқылы,
– сондай-ақ дыбыстық сигнал (қараңыз „Лазер сәулесін белгілеу үшін сигналдық
дыбыс", Бет 169) арқылы.
Лазер қабылдағышы тым төмен: лазер сәулесі қабылдау өрісінің (6) жоғарғы
бөлігінен өтсе, дисплейде "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген бағыт
индикаторы (a) жанады.
Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал баяу ырғақпен беріледі.
Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен жоғары қарай жылжытыңыз. Ортаңғы
сызыққа жақындаған кезде, "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген бағыт
индикаторының (a) ұштығы ғана көрсетіледі.
Лазер қабылдағышы тым жоғары: лазер сәулесі қабылдау өрісінің (6) астыңғы
бөлігінен өтсе, дисплейде "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" деген бағыт
индикаторы (d) жанады.
Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал жылдам ырғақпен беріледі.
Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен төмен қарай жылжытыңыз. Ортаңғы
сызыққа жақындаған кезде, "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" деген бағыт
индикаторының (d) ұштығы ғана көрсетіледі.
Лазер қабылдағышы ортада: лазер сәулесі қабылдау өрісінен (6) орта белгісі (5)
биіктігінде өтсе, дисплейде ортаңғы сызық индикаторы (f) пайда болады.
Сигнал қосулы болса, үздіксіз дыбыс шығарылады.
1 609 92A 5S4 | (10.08.2020)
Bosch Power Tools

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Lr professional 1 g