Bosch GWS Professional 20-230 H Notice Originale page 178

Masquer les pouces Voir aussi pour GWS Professional 20-230 H:
Table des Matières

Publicité

OBJ_BUCH-1686-004.book Page 179 Thursday, October 13, 2016 4:04 PM
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
 Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы 13
пайдаланыңыз.
 Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
Қорғағыш қаптама 13 сонымен бірге тегістеуге арналған
қорғағыш қаптама 5 ретінд де орнатылады.
Бағыттауыштар көмегімен кесуге арналған қорғағыш
қаптама
Бағыттауыштары 24 бар қорғағыш қаптама тегістеуге
арналған қорғағыш қаптама 5 ретінде де орнатылады.
Қосымша тұтқа
 Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа 3 менен
пайдаланыңыз.
Қосымша тұтқаны 3 редукторлық бастың оң жағында
немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.
Қол қорғағышы
 Резеңке тегістеу тәрелкесімен 20 немесе тостаған
тәрізді қылшақпен/дискілік щеткамен/жапырақ
тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын 18 орнатыңыз.
Қол қорғағышын 18 қосымша тұтқа 3 көмегімен бекітіңіз.
Ажарлауыш құралдарын орнату
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін 4 және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді
бекіту түймесін 1 басып, шпиндельді бекітіңіз.
 Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын
зақымдау мүмкін.
Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері
Тегістеу құралдарының өлшемдерін ескеріңіз. Орнату
тесігінің диаметрі тірек фланецке сәйкес болуы керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Алмас кесу шеңберлерін пайдаланғанда алмас кесу
шеңберіндегі жылжыту бағытының көрсеткісі электр
құралдағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз
(редукторлық бастағы көрсеткіні қараңыз).
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Тегістеу/кесу шеңберін бекіту үшін қысқыш гайканы 9
орнатыңыз және екі бүйірлік тесігі бар дөңгелек
гайкаларға арналған кілтпен бұрап бекітіңіз, "Тез қысқыш
гайка" тарауын қараңыз.
 Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш
қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей
айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
Bosch Power Tools
Ортаға келтіретін буртиктің тірек
фланецінде 7 пластмасса бөлшек
(дөңгелек қимасы бар сақина) бар.
Дөңгелек қимасы бар сақина жоқ
немесе зақымдалған болса, ары
қарай пайдаланбай тұрып тірек
фланецті 7 міндетті түрде ауыстыру
керек.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері
 Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстарда
әрқашан қол қорғағышын 18 пайдаланыңыз.
Резеңке тегістеу тәрелкесі
 Резеңке тегістеу тәрелкесімен 20 жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын 18 киіңіз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Резеңке тегістеу дискісін 20 орнатудан алдын 2
дистанциялық шайбаны 19 тегістеу шпинделіне 4
орнатыңыз.
Дөңгелек гайканы 22 орнатыңыз және екі бүйірлік тесігі
бар дөңгелек гайкаларға арналған кілтпен бекемдеңіз.
Тостаған тәрізді қылшақ/дискілік қылшақ
 Тостаған тәрізді қылшақтармен орындалатын
жұмыстар үшін әрқашан қол қорғағышын 18
орнатыңыз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Тостаған тәрізді қылшақ/дискілік қылшақты шпиндельге
шпиндель фланеці шпиндель ирек оймасына тығыз
тақалып тұратындай бұрап бекіту керек. Айыр тәрізді
кілтпен тостаған тәрізді/дискілік қалшықты бекемдеңіз.
Тегістеу тәрелкесі
 Тегістеу тәрелкесімен жұмыс істеуден алдын
арнайы қаптаманы 15 алыңыз.
Тегістеу тәрелкесі 16 қаптамадан 15 тек жұмыс жағдайына
сай ретте шығарылып тұруы керек. Қаптаманы 15 осы
өлшемге сай орнатыңыз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Қысатын сомынды 9 орнатыңыз және иілген екі тесігі бар
кілтпен 17 бекемдеңіз.
Тез қысқыш гайка
Құралдарды пайдаланусыз тегістеу құралын оңай
ауыстыру үшін қысқыш гайканың 9 орнына тез қысқыш
гайканы 11 пайдалануға болады.
 Тез қысқыш гайканы 11 тек тегістеу және кесу
шеңберлері үшін пайдалануға рұқсат етіледі.
Тек дұрыс, зақымдалмаған тез қысқыш гайканы 11
пайдаланыңыз.
Бұрап бекіту кезінде жазбасы бар тез қысқыш гайка
11 беті тегістеу шеңберіне қарап тұруын қадағалаңыз;
көрсеткі индекстік белгіге 27 нұсқауы керек.
Қaзақша | 179
1 609 92A 2C7 | (13.10.16)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gws professional 20-230 jh

Table des Matières