Siemens MW67440 Mode D'emploi page 97

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 17
kk
Конустық шығыршықты шнекке
орнатып алыңыз да ұстап тұрыңыз.
Конустық шығыршықтың жанындағы
бос орын тұрқы ішіндегі дөңесінде
отыруы керек.
Сомынды жасақтаушымен бірге сағат
тілі бағытымен бұрып бекітіңіз.
Сомынды аса қатты тартпаңыз.
Бөлшектеп шығару кері реттікпен
өткізіледі.
Қолдану:
Қамырдан орама кеспе түрлерін жасау
үшін.
Бұйыммен жұмыс істеу
Жаралану қауібі
Қондырғыны тек қана бұйым жетегі
тоқтап тұрғанында және кабелі
электррозеткасынан шығарылғанында
енгізіңіз/шығарыңыз.
Толтыру бөлімшесі ішіне қолыңызды
салмаңыз. Өнімдерді итеру үшін
әрқашан итергішті қолданыңыз.
cурет
Бұйымды тегіс, таза жұмыс тақтасына
қойыңыз.
Тоқ жүйесіне қосу кабелін кабель
сақтайтын жерінен шығарып алып,
оны өзіңіз қалаған ұзындыққа тартып
алыңыз.
Толығымен орнатылған еттартқыш
қондырғысын біраз оң жаққа қарай
еңкейтіп ұстап тұрып жетек үстіне
орнатыңыз.
Еттартқыш қондырғысын соңына
әбден кіргенше дейін жоғарыға қарай
бұрыңыз.
Сомынды еттартқыш қондырғысына
тартып бекітіңіз.
Толтыру табағын қондырыңыз.
Итергішті толтыру саңылуына қойыңыз.
Шығару саңылауы астына табақ
немесе тостаған қойыңыз.
Бұйым айырын электр қуат жүйесіне
қосыңыз.
Электрбұйымды Қосу/Өшіру арқылы
қосыңыз.
Өңделетін азық-түлік өнімдерін
толтыру табағына салыңыз.
128
Өнімдерді итеру үшін тек қана
итергішті қолданыңыз.
Қолдану бойынша нұсқау:
Ұсатылатын азық-түлік өнімдері шнекте
қыстырылып қалса: Оқшаулауды алып
тастау үшін кері жүріс түймешігін
қолданыңыз.
1. Электрбұйымды Қосу/Өшіру арқылы
өшіріңіз.
2. Жетек тоқтағанша дейін күтіңіз.
3. Кері жүріс түймешігін біраз ғана
басыңыз.
4. Жетек тоқтағанша дейін күтіңіз.
5. Электрбұйымды Қосу/Өшіру арқылы
қосыңыз.
Жұмыстан кейін:
Электрбұйымды Қосу/Өшіру арқылы
өшіріңіз.
Бұйым айырын электр жүйесінен
ажыратыңыз.
Итергішті шығарып алыңыз.
Толтыру табағын шығарып алыңыз.
Еттартқыш қондырғысын шығарып
алыңыз.
Ол үшін оқшаулауды алып тастау
түймешігін басып отырып, қондырғыны
оң жаққа бұрып отырып шығарыңыз.
Еттартқыш қондырғысын бөлшектеп
алыңыз.
Барлық бөлшектерді тазалаңыз,
"Тазалау және күту" тарауын оқыңыз.
Ұсатқыш қондырғысы
Ірімшік, жеміс, көкөніс, жаңғақ, бадам,
құрғатылған тоқаштар мен нан тілімдерін,
шоколад және тағы басқа қатты азық-түлік
өнімдерін ұсату және кесу үшін.
Жаралану қауібі
Қондырғыны тек қана бұйым жетегі
тоқтап тұрғанында және кабелі
электррозеткасынан шығарылғанында
енгізіңіз/шығарыңыз.
Ұсатқыш және кесу қондырғылардың
өткір пышақтары мен ұштарын
ұстамаңыз.
Толтыру бөлімшесі ішіне қолыңызды
салмаңыз. Өнімдерді итеру үшін
әрқашан итергішті қолданыңыз.
kk
97

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières