Bosch GIC 120 C Notice Originale page 109

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 17
OBJ_BUCH-2385-001.book Page 109 Monday, March 2, 2015 10:30 AM
 Тек тексеру камерасының зауыттық
тақтайшасында көрсетілген кернеуі бар түпнұсқа
Bosch аккумуляторларын пайдаланыңыз. Басқа
аккумуляторларды, мысалы, көшірмелерді, қалпына
келтірілген аккумуляторларды немесе басқа маркалы
аккумуляторларды пайдаланғанда, батарея жарылған
кезде жарақаттар алу және мүлікті зақымдау қаупі бар.
 Тексеру камерасы автоматты өшкеннен соң
қосқыш/өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
 Жарық сәулесін адамдарға немесе жануарларға
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
 Тексеру камерасын іске қосудан алдын жұмыс
аймағын тексеріңіз. Тексеру камерасының ешбір
бөлігі электр сымдарға, әрекет жасап жатқан
бөліктерге немесе химиялық заттектерге тимеуі
тиіс. Жұмыс аймағында жатқан электр сымдардың
электр тізбегін үзіңіз. Бұл шаралар жарылу, тоқ соғу
және зияндар қаупін төмендетеді.
 Жұмыс аймағында денсаулыққа зиянды заттектер
болғанда қорғағыш көзілдірік, қорғау қолғабы
немесе респиратор сияқты жеке қорғайтын
жабдықтарды киіңіз. Су шығатын каналдар немесе
ұқсас жайларда улы, жұқпалы, ащы немесе басқа
жолмен денсаулыққа зиянды болатын қатты, сұйық
немесе газ пішініндегі заттектер бар болуы мүмкін.
 Денсаулыққа зиянды заттектер жатқан
аймақтардың таза болуына назар аударыңыз.
Жұмыс кезінде тамақ ішпеңіз. Денсаулыққа зиянды
заттектерге тимеңіз және жұмыс істеуден соң қол мен
заттарға тиген дене мүшелерін ыстық сілті ерітіндісімен
тазалаңыз. Осылай денсаулыққа зиян қаупі төмендейді.
 Тексеру камерасын пайдалануда суда тұрмаңыз.
Суда тұруда тоқ соғу қаупі бар болады.
Магнит
Магнитті 23 кардиостимулятор жанына
қоймаңыз. Магнит арқылы
кардиостимулятор жұмысына әсер ететін
өріс жасалады.
 Магнитті 23 магнитті дерек тасымалдаушылар мен
магнитке сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз.
Магнит әсері қалпына келтіріп болмайтын деректер
жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Тексеру камерасының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Тексеру камерасы қолжетімсіз немесе қараңғы
аймақтарды тексеруга арналған. Оны және жинақтағы
көмек құралдарын камера басында орнатылғаннан соң
кіші және жеңіл заттарды (мысалы, кіші бұрандаларды)
жылжыту мен алып қою үшін де пайдалануға болады.
Bosch Power Tools
Сандық тексеру камерасын медициналық мақсаттарда
пайдалану мүмкін емес. Ол және құбыр бітелуін тазалау
немесе кабельдерді тартуға арналмаған.
Камера басындағы шырақ тексеру камерасының тікелей
жұмыс аймағын жарықтандыруға арналған болып үйдегі
бөлмелерді жарықтандыруға арналмаған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі
тексеру камерасының сипаттамасына қатысты.
1 Қол аспабы
2 Үлкейту пернесі
3 Қосу-өшіру түймесі
4 Галерея/параметрлер пернесі (1-деңгей)
OK/жою пернесі (2 - деңгей)
5 Up пернесі Up™ (1-деңгей)
Алға парақтау пернесі (2 - деңгей)
6 Суретке немесе бейнеге түсіру немесе бейне ойнату
(галерея режимі)
7 Жарық/жарықтық пернесі (1-деңгей)
Кері парақтау пернесі (2 - деңгей)
8 Сурет пен бейне режимдері арасында өткізу
пернесі (1-деңгей)
Артқа жылжыту пернесі (2 - деңгей)
9 Дисплей
10 Жоғарғы қаптама
11 Микро SD карта ұяшығы
12 Микро USB кабелі қосқышы
13 Камера кабелі
14 Камера басы
15 Камера басындағы шырақ
16 Камера линзасы
17 Аккумулятор*
18 Босату пернесі
19 Микро USB кабелі
20 Микро SD картасы (4 ГБ)
21 Камера қосылысы
22 Камера кабелінің ысырмасы
23 Магнит
24 Ілгек
25 Айна
26 Батарея адаптерінің орамы
27 Батарея адаптерінің құлыптау қақпағы
28 Лоток
29 Батарея бөлімі қақпағы
Көрсеткіш элементтер (таңдамалы)
a Реттелген сурет пен бейне режимі
b Күй панелі
c Реттелген үлкейту
d Реттелген жарық/жарықтық
e Аккумуляторлар/батареялар заряд күйі
Қaзақша | 109
1 609 92A 124 | (2.3.15)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières