Hilti SF 10W-­A22 Notice D'utilisation Originale page 133

Masquer les pouces Voir aussi pour SF 10W-­A22:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
5.1
Аккумуляторды орнату
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі қысқа тұйықталудан немесе аккумулятордың құлауынан!
▶ Аккумуляторды орнату алдында аккумулятор контактілерінде және өнімдегі контактілерде бөгде
заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
▶ Аккумулятордың әркез дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1. Аккумуляторды алғаш рет іске қоспас бұрын зарядтаңыз.
2. Аккумуляторды аспап ұстағышына шерту дыбысы шыққанша мұқият салыңыз.
3. Аккумулятордың аспапқа берік бекітілгенін тексеріңіз.
5.2
Аккумуляторды шығару
1. Аккумулятордың босату түймелерін басыңыз.
2. Аккумуляторды аспаптан шығарыңыз.
5.3
Аккумуляторды зарядтау
1. Зарядтау алдында зарядтағыш құрылғының пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз.
2. Аккумулятордағы және зарядтағыш құрылғыдағы контактілердің таза әрі құрғақ екендігіне көз
жеткізіңіз.
3. Аккумуляторды рұқсат етілген зарядтағыш құрылғы ішінде зарядтаңыз.
5.4
Белдікке ілуге арналған ілгекті орнату (қосымша)
Белдікке ілуге арналған ілгектің көмегімен арнайы электр құралды белдікке бекітуге болады. Оны оң
және сол жақтан ұстау үшін орнатуға болады.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі электр құралдың құлауынан!
▶ Жұмысты бастау алдында белдік ілгегі берік бекітілгенін тексеріңіз.
1. Белдікке ілуге арналған ілгекті орнатыңыз.
2. Электр құралыңызды белдікке ілуге арналған ілгекке бекітіңіз.
3. Белдікке ілуге арналған ілгек пен электр құралдың берік ұсталғанын қадағалаңыз.
5.5
Бүйірлік тұтқаны орнатыңыз
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі абайсыздан қосылу себебінен!
▶ Оң жақ/сол жақ ауыстырып-қосқыш орталық күйінде екендігіне немесе аккумулятор бұрауыш
дрельден алып тасталғанына көз жеткізіңіз.
▶ Піспек тоқтатқышын орнатыңыз.
5.6
Бүйірлік тұтқаны реттеу
▶ Бүйірлік тұтқаны қажетті күйге орнатыңыз.
5.7
Айналу бағытын орнату
Бұғаттау электр қозғалтқышы жұмыс істеп тұрғанда бағытты ауыстырудан қорғайды.
Ауыстырып-қосқыш ортаңғы күйде болғанда, негізгі сөндіргіш бұғатталған болады (қосуды
құлыптау).
▶ Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын қалаулы айналу бағытына ортатыңыз.
*2130487*
3
4
6
2130487
2
Қазақ
127

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières