Hilti SF 10W-­A22 Notice D'utilisation Originale page 129

Masquer les pouces Voir aussi pour SF 10W-­A22:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
Қызмет
▶ Электр құралды жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралды қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.2
Дрельдермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶ Аспап жинағына кіретін қосымша тұтқыштарды қолданыңыз. Аспапты басқаруды жоғалту
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Пайдаланатын аспабыңыз көзден таса электр желісіне тиіп кетуі мүмкін болса, аспаптың
арнайы жеке бөлінген жерінен ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған
металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
2.3
Бұрауыштар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
▶ Бұранда жасырын электр сымдарын зақымдауы мүмкін жұмыстарды жүргізгенде электр
аспабын тұтқалардың оқшауланған беттерінен ұстаңыз. Бұранда кернеу астындағы электр
сымдарына тиген жағдайда аспаптың металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне айналып,
электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
2.4
Қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Аспап конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
▶ Әрқашан аспапты екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Бүйірлік тұтқаны әрқашан
сыртынан ұстаңыз. Майланған тұтқыштарды дереу тазалаңыз, олар құрғақ және таза болуы
керек. Бұрғылау мен бұрау кезінде аспап шетке ауытқуы мүмкін.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз. Аспапты тек жұмыс аймағына әкелгеннен кейін
ғана қосыңыз. Айналатын бөліктерге, әсіресе айналатын қондырмаларға тию жарақаттарға әкелуі
мүмкін.
▶ Құрал мен аккумуляторды алмастырған кезде және аспапты сақтаған және тасымалдаған
кезде сақтандырғышты белсендіріңіз (оң жақ/сол жақ ауыстырып-қосқыш орталық күйінде).
▶ Қорғауыш қолғаптарда жұмыс істеңіз. Бұрауыш дрель қолдану барысында қызып кетуі мүмкін.
Құралды алмастырған кезде алмалы-салмалы аспапқа тию жараларға не өртке апарып соғуы
мүмкін.
▶ Аспаппен жұмыс істегенде жұмыс істейтін адам және оның жанындағы тұлғалар тиісті
қорғауыш көзілдірікті, қорғауыш шлемді, қорғауыш құлаққапты, қорғауыш қолғаптарды және
жеңіл респираторды қолдануы керек.
▶ Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін саусақтарды босату және жаттықтыру үшін
үзілістер жасаңыз.
▶ Құрамында қорғасын бар бояулар,
қамтитын жыныстар және минералдар мен металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң
денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін. Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек. Мүмкін
болса, жарамды шаңсорғыш құралды қолданыңыз. Шаңсорғыштаудың жоғары деңгейіне
жету үшін, тиісті жылжымалы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Қажет болса, сәйкес шаң түріне
арналған респиратор маскасын тағыңыз. Жұмыс аймағының жақсы желдетілуін қамтамасыз
етіңіз. Өңделетін материалдар бойынша еліңізде қолданылатын нұсқауларды орындаңыз.
▶ Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда болатын шаңның қауіп
класын анықтаңыз. Аспаппен жұмыс істеу үшін қорғаныс дәрежесі күшіндегі шаңнан қорғау
нормаларына сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз.
▶ Негізді өңдегенде материал бөлінуі мүмкін.
сынықтар дене бөліктерін және көздерді зақымдауы мүмкін.
▶ Аспапты әлсіз адамдарға нұсқаусыз пайдалануға тыйым салынады. Аспапты балалардан
алшақ ұстаңыз.
▶ Жұмыс қауіпсіздігі бойынша ұлттық нұсқамаларды орындаңыз.
*2130487*
ағаштың кейбір түрлері,
Қорғауыш көзілдіріктерді пайдаланыңыз.
2130487
бетон/кірпіш қалауы/кварц
Қазақ
Бұл
123

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières