Bosch GWS Professional 20-230 H Notice Originale page 70

Masquer les pouces Voir aussi pour GWS Professional 20-230 H:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 17
OBJ_BUCH-827-008.book Page 71 Monday, October 24, 2016 2:46 PM
Жүріс тежегіші (GWS 24-230 JVX)
Электр құралында Bosch Brake System,
патенттелген электрмеханикалық аяқтау
тежегіші бар.
Тоқ жеткізілуі өшкенде немесе үзілгенде
тегістеу құралы бірнеше секунд ішінде
тоқтатылады. Бұл аяқтау тежегіші жоқ
бұрышты тегістеушімен салыстырғанда аяқтау уақыты
шам. 70% қысқарып электр құралын ертерек қоюға
мүмкіндік береді.
Ескертпе: Егер тежегіш әсері сезімді ретте төменделсе
аяқтау тежегіші бұзылған болады. Электр құралды жылдам
сервистік қызметке жіберу керек, мекенжайларды
„Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері"
тарауынан қараңыз.
Іске қосу тогының шектеулері (GWS 22-230 JH/
GWS 24-230 JH/JVX)
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Ескертпе: Егер электр құрал қосудан кейін бірден толық
айналымдар санымен айналса, онда іске қосу тогын
шектеу керек емес. Электр құралды жылдам сервистік
қызметке жіберу керек, мекенжайларды „Тұтынушыға
қызмет көрсету және пайдалану кеңестері" бөлімінен 72
бетінде қараңыз.
Пайдалану нұсқаулары
 Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда абайлаңыз,
„Статика туралы нұсқаулар" тарауын қараңыз.
 Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
дайындаманы бекітіңіз.
 Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
 Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
 Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
 Электр құралды абразивті-кесу станинада
пайдаланбаңыз.
Ескертпе: Пайдаланбасаңыз желі айырын розеткадан
шығарыңыз. Электр құралы желі айыры салынып желіде
кернеу барысында өшірулі күйде да аздап тоқ
тұтынатынын ескеріңіз.
Сыдырып тегістеу
 Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін
пайдаланбаңыз.
30° – 40° шеңбер бұрышымен сыдырып тегістеу кезінде
ең жақсы нәтижелер алуға болады. Электр құралды
жайлап басып, алға және артқа жылжытыңыз. Бұл кезде
дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және
арналар пайда болмайды.
Bosch Power Tools
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен (құрал) сонымен
бірге дөңес беттерді және профильдерді де өңдеуге
болады.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберлері әдеттегі тегістеу
шеңберлерімен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді,
азырақ шу шығарады және тегістеу температурасы азырақ
болады.
Металдарды кесу
 Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы 23/32
пайдаланыңыз.
Тегістеу шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін
дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін
тоқтатпаңыз.
Электр құралды
әрқашан айналу
бағытына кері жүргізу
керек. Әйтпесе
бақылаусыз кесілген
жерден шығу қаупі
туындайды.
Профильдерді немесе төрт қырлы құбырларды кесу
кезінде кесуді ең аз көлденең қимада бастаңыз.
Тасты кесу
 Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
 Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
 Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу
үшін пайдалануға болады.
Тасты кесу үшін алмас кесу дискілерін пайдаланған жөн.
Бағыттауыштар бар қорғағыш қаптаманы 18 пайдалану
үшін тас шаңын сорып алу үшін шаңсорғышты пайдалану
керек. Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.
Электр құралды
өшіріңіз және
бағыттауыштардың
алдыңғы бөлігімен
бөлшекке орнатыңыз.
Электр құралды
біркелкі, материалға
сәйкес берумен
жылжытыңыз.
1 609 92A 2C9 | (24.10.16)
Қaзақша | 71

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières