Кәдеге Жарату; Өндіруші Кепілі - Hilti PRA 20G Mode D'emploi

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
8 Кәдеге жарату
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жабдықты кәдеге жарату ережелерін бұзу келесі салдарға әкелуі мүмкін: пластмассадан тұратын бөлшектерді
жаққанда, денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін улы газдар пайда болады. Егер батареялар зақымдалса немесе
жоғары температуралардың әсері тисе, олар жарылуы және уланудың, тұтанулардың, химиялық күйіктердің
немесе қоршаған ортаны ластаудың себебі болуы мүмкін. Кәдеге жарату ережелерін бұзғанда, жабдықты
олармен жұмыс істеу ережелерімен таныс емес бөгде тұлғалар қолдануы мүмкін. Бұл ауыр жарақаттардың,
сондай-ақ, қоршаған орта ластануының себебі болуы мүмкін.
Hilti компаниясының бұйымдары жасалатын материалдардың көпшілігі қайта өңдеуге жарайды. Утилизация
алдында материалдарды мұқият сұрыптау керек. Көп елдерде Hilti компаниясы қолданылған аспаптарды
утилизациялау үшін қабылдау туралы келісімдер жасасып қойған. Бұл мәселе бойынша қосымша ақпаратты
клиенттерге қызмет көрсету бөлімінен немесе Hilti компаниясының техникалық консультантынан алуға болады.
Тек ЕО елдері үшін
Электрондық өлшеу аспаптарын тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз!
Ескі электрлік және электрондық аспаптарды жою туралы еуропалық директивасына және
жергілікті заңдарға сәйкес, қолданыста болған электрлік аспаптар қоршаған орта үшін қауіпсіз
әдіспен жеке кәдеге жаратылуы тиіс.
Қуат көздерін ұлттық талаптарға сай утилизациялаңыз. Қоршаған ортаны сақтауға көмектесіңіз.
9 Өндіруші кепілі
Кепілдік шарттары туралы сұрақтарыңыз болса,
жергілікті HILTI серіктесіне хабарласыңыз.
10 FCC нұсқауы (АҚШ үшін жарамды) / IC нұсқауы (Канадада жарамды)
Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15-параграфына және
IC RSS-210 ережелеріне сәйкес келеді. Іске қосу
төмендегі екі шартқа байланысты:
Осы құрылғы ешқандай зиянды сәулелерді шығаруы
мүмкін емес.
Аспап барлық сәулелерді, соның ішінде қажетсіз
әрекеттерге әсер ететін сәулелерді қабылдауы керек.
НҰСҚАУ
Hilti компаниясы рұқсат етпеген өзгертулер немесе
модификациялар пайдаланушының аспапты пайдалану
құқықтарын шектеуі мүмкін.
kk
189

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières