Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GKT 55 GCE Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GKT 55 GCE Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 20
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған реттегіш
дөңгелектің (24) көмегімен қажетті айналу жиілігін
жұмыс барысында да алдын ала таңдауға болады.
Қажет айналу жиілігі пайдаланылатын ара төсеміне
байланысты (пайдалану нұсқаулығының соңындағы ара
төсемдеріне шолу бөлімін қараңыз). Бұл аралау кезінде
ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді.
Пайдалану нұсқаулары
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға
байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Пластикті аралау
Нұсқау: синтетикалық материалдарды, әсіресе ПВХ-ны
аралау кезінде электрстатикалық зарядты шығаруы
мүмкін ұзын серіппелі жоңқа пайда болады. Жоңқа
шығаруға арналған келте құбыр (18) бітелуі мүмкін.
Шаңсорғышпен жұмыс істеген жөн.
Электр құралын қосылған күйде дайындамадан жүргізіңіз
және оны жайлап аралаңыз. Содан кейін ара тістері
жабысып қалмауы үшін үзілістерсіз жұмыс істеңіз.
Түсті металдарды аралау
Нұсқау: Түсті металдарға арналған аралау дискісін
пайдаланыңыз. Бұл таза аралауды қамтамасыз етеді және
аралау дискісінің сыналануын болдырмайды.
Электр құралды қосылған күйде бөлшекке жүргізіңіз
және оны жайлап аралаңыз. Шағын берумен, үзіліссіз
жұмыс істеңіз.
Профильдерде аралауды әрқашан жұқа жағында
бастаңыз, U тәрізді профильдерде аралауды ешқашан
ашық жағынан бастамаңыз. Аралау дискісінің
сыналануын болдырмау және электр құралдың кері
соққысын болдырмау үшін ұзын профильдерді тіреңіз.
Жеңіл материалдарды (минералды толтырғыштары
бар материалдар) аралау
Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде
u
материал өндірушісінің нұсқаулықтары мен
ұсыныстарын орындаңыз.
Bosch Power Tools
Жеңіл құрылыс материалдарын тек құрғақ күйде және тек
шаңсорғышпен бірге аралауға рұқсат етіледі. Әрқашан
бағыттауыш шинамен (29) (керек-жарақ) бірге жұмыс
істеңіз.
Шаңсорғышта тас шаңын соруға рұқсат болуы керек.
Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.
Бағыттауыш шинамен аралау (D суретін қараңыз)
Бағыттауыш шина (29) көмегімен тік кесіктерді
орындауға болады.
Бағыттауыш шинаның резеңке жиегі ағашты аралау
кезінде материалдың шығып кетуін болдырмайды. Ол
үшін ара төсемі тікелей резеңке жиекке тістерімен
тақалып тұруы керек.
Алғаш рет аралау алдында бағыттауыш шина (29)
көмегімен резеңке жиекті пайдаланылатын дискілік
арамен туралау керек. Ол үшін бағыттауыш шинаны (29)
дайындаманың бүкіл ұзындығына қойыңыз. Шамамен
9 мм аралау тереңдігін орнатыңыз және аралаудың тік
бұрышын реттеңіз. Дискілік араны қосыңыз және жайлап
басып, аралау бағытында жүргізіңіз.
Жалғағыш бөліктің (30) көмегімен екі бағыттауыш
шинаны байланыстыруға болады. Бекіту жалғау
бөлшегінде орналасқан төрт винт көмегімен жүзеге
асырылады.
Тірек тақтасын басқа бағыттауыш шиналарға
бейімдеу (E суретін қараңыз)
Тірек тақтасына (7) кіріктірілген жіңішке ойықты тек
керек-жарақтар жағынан көрсетілген бағыттауыш
шиналар үшін пайдалануға болады. Тірек тақтасын басқа
өндірушінің кеңірек бағыттауыш арқалығымен
бағыттауыш шиналарға бейімдеу үшін пластик ендірмені
(34) алып тастаңыз. Араны бағыттауыш шинаға орнатып,
қажет болса, екі домалатпа бұрандамен (35) ара мен
бағыттауыш шина дәлдігін реттеп шығыңыз.
Параллель тірек арқылы аралау (F – G суреттерін
қараңыз)
Параллельді тіреуіш (14) дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Параллель тіректің (14) бағыттауыш штангаларын тірек
тақтасындағы бағыттауыштар (7) арқылы өткізіп
жылжытыңыз. Қатпарлы бұрандаларды (10) екі жағынан
суретте көрсетілгендей орнатып, бірақ қатпарлы
бұрандаларды (10) әзірше бұрап бекітпеңіз.
Тиісті (32) немесе (33) кесік белгісінің көмегімен
шкалада қажетті кесік енін шкала мәні ретінде реттеп
шығыңыз, (қараңыз „Кесік белгілері (D суретін
қараңыз)", Бет 152). Құлақты бұрандаларды (10) бұрап
бекітіңіз.
Көмек тіреуішпен аралау (H суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны
немесе рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны
тірек тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен
жүргізуге болады.
Қазақ | 153
1 609 92A 5H4 | (19.03.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières