Қазақша | 89 - Bosch GSH 11 VC Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GSH 11 VC Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 12
OBJ_BUCH-1391-004.book Page 89 Wednesday, August 17, 2016 8:19 AM
Электр құралдарын пайдалану және күту
 Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
 Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
 Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
 Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Балғаларды пайдалану жөніндегі
қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Құлақ сақтағышын киіңіз. Шуыл әсерінен есту
қабілетіңіз зақымдануы мүмкін.
 Электр құралымен бірге жеткізілетін қосымша
тұтқаларды ұстаңыз. Бақылауды жоғалту зақымдарға
алып келуі мүмкін.
Bosch Power Tools
 Алмалы-салмалы құралдар жасырылған тоқ
сымына немесе өз желі кабеліне тиюі мүмкін
болған жұмыстарды орындаған кезде құралды
айырылған тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ өтетін сымға тию
металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып
келуі мүмкін.
Басқа да қауіпсіздік және жұмыс
нұсқаулықтары
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
 Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
 Қосымша тұтқаны мықты ұстап электр құралды
жұмыс істегенде екі қолмен қатты ұстап тіректі
күйде тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді
басқарылады.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 SDS-max аспабын пайдалану: Құралдың бекітілуін
тартып тексеріңіз.
 Зақымдалған шаңнан сақтайтын бұқтырманы тез
арада алмастырыңыз. Шаңнан сақтайтын
бұқтырмамен жұмыс істеу бұрғылау шаңының аспап
патронына кіруіне жол бермейді. Аспапты
пайдаланудан алдын шаңнан сақтайтын бұқтырманың
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
 Қорғасын бояу, ағаш, минерал және металдың
кейбір түрлерінің шаңы денсаулыққа зиян болып,
аллергиялық реакция, тыныс алу жолдары
ауруларына және рак ауруына алып келуі мүмкін.
Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі
мүмкін.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Қазақша | 89
1 609 92A 2BE | (17.8.16)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières