Майлау; Май Жүйесіне Қызмет Көрсету; A Үлгісіндегі Май Сорғысын Толтыру - RIDGID 535 Manual Chuck Mode D'emploi

Masquer les pouces Voir aussi pour 535 Manual Chuck:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 25
535 қол патронымен/
535 автоматты патронмен бұрандакесу құрылғылары
Майлау
Ай сайын (немесе қажет болған кезде жиірек) барлық
ашық жылжитын бөліктерді (мысалы, күймеше білеулері,
кескіш дөңгелектері, кескіштің беру бұрандасы, қармауыш
ендірмелері және айналу нүктелері) жеңіл жақпа маймен
майлаңыз. Ашық беттерден артық майды сүртіп алыңыз.
2-6 ай сайын, пайдаланылуына қарай жоғарғы қақпақты алып
тастаңыз және білік мойынтірегінің жақпа май бекіткіштеріне
литий негізіндегі EP (Extreme Pressure) жақпа майын қолдану
үшін жақпа май пісегін пайдаланыңыз (29-сурет). Ашық жетек
механизмі тістеріне аздаған жақпамай мөлшерін жағыңыз.
Жақпа май
фитингтері
29-сурет – Майлау нүктелері
Қақпағы жоқ бұрандакесу құрылғысын пайдаланбаңыз.
Құрылғыны майлағаннан кейін қақпақты дереу орнына
салыңыз.
Май жүйесіне қызмет көрсету
Жоңқа науасын сырғытып шығарыңыз.
Май ағыны жеткілікті болуы үшін май сүзгісінің торын таза күйде
ұстаңыз. Май сүзгісінің торы май сұйыққоймасының астында
орналасқан. Сүзгіні негізге бекітетін бұранданы босатыңыз,
сүзгіні май желісінен алып тастаңыз және тазалаңыз. Май
сүзгісінің торы алынған кезде құрылғыны пайдаланбаңыз.
Жоңқа
науасы
30-сурет – Жоңқа науасын алып тастау
Ластанған кезде бұранда кесу майын ауыстырыңыз. Майды
562
Жетек
механизмінің
тістері
Май
сүзгісінің
торы
ағызып жіберу үшін контейнерді сұйыққойма шетіндегі
ағызу ашасының астына орналастырыңыз және ашаны
алып тастаңыз. Сұйыққойма астынан жиналған қоқысты
тазалаңыз. Жоғары сапалы бұрандаларды және кескіштің
ең көп жарамдылығын қамтамасыз ету үшін RIDGID
бұрандакесу майын пайдаланыңыз. Негіздегі резервуар
ішіне шамамен 7 кварта (6,6 л) бұрандакесу майы сыяды.
Май сорғысы жүйе таза болған кезде өздігінен толтырылуы
қажет. Кері жағдайда бұл сорғының тозғанын және оған
қызмет көрсету қажет екенін білдіреді. Сорғыны толтыруға
әрекеттенбеңіз.
A үлгісіндегі май сорғысын толтыру
Ағымдағы 535 бұрандакесу құрылғылары өздігінен толтырылатын
сорғыларды пайдаланады. 1996 жылдың 1 маусымынан бұрын
жасалған құрылғыларда A үлгісіндегі май сорғысы бар және ол
толтыруды қажет етуі мүмкін.
А үлгісіндегі май сорғысымен жабдықталған
ЕСКЕРТУ
RIDGID 535, 500 және 500A бұрандакесу құрылғыларында
құрылғының жоғарғы қақпағын шешпей май сорғысын толтыру
мүмкіндігін беретін май сорғысын толтыру порты түтікшесінің
ұзартқышы және жоғарғы қақпаққа қатынасу тесігі болуы
қажет. Бұл құрылғының ішкі механизміне тию нәтижесіндегі
жарақат ықтималдығын азайтады. Егер 1996 жылдан бұрынғы
құрылғыда толтыру порты түтікшесінің ұзартқышы және
жоғарғы қақпағында қатынасу тесігі болмаса, оларды қосқан
жөн. Жаңарту саясатына қатысты Ridge Tool Техникалық
қызмет бөліміне rtctechservices@emerson.com мекенжайы
арқылы немесе (800) 519-3456 нөміріне хабарласыңыз.
Жоғарғы
қақпақ
Тығын
31-сурет – A үлгісіндегі сорғыны толтыру
A үлгісіндегі сорғыны толтыру үшін:
999-998-086.09_REV. C

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

535 auto chuck535a535m

Table des Matières