Деректерді қорғау нұсқаулары
Бұл бағдарламалық жасақтама компоненттерінің бастапқы коды осы бұйыммен
бірге жеткізілмейді. Осы бағдарламалық жасақтама компоненттерінің бастапқы
кодын физикалық таратқышта (CD немесе DVD) бұйым мен сатып алу күнін
көрсете отырып біздің бастапқы ашық код жөніндегі кеңсеміздің мекен-жайына
жазбаша сұрату жіберу арқылы алуға болады.
Bosch Thermotechnik GmbH
TT-RHC K30 OSS
Werk Lollar
Postfach 11 61
35453 Lollar
Германия
Біз бастапқы кодты ұсыну шығындарын өтеу үшін ақы алу құқығын (20 еуроға
дейін) өзімізге қалдырамыз.
Сіз (i) сұратуыңызды сұратылған компоненттің екілік файлы бар бұйымды сатып
алған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде немесе (ii) GPL v3 коды болған жағдайда,
Bosch Thermotechnik GmbH осы бұйымға қосалқы бөлшектерді немесе қызмет
көрсетуді ұсынғанға дейін бере аласыз.
4
Деректерді қорғау нұсқаулары
Осы бұйым арқылы Bosch жылу/желдету жүйесін қашықтан бақылау және
басқару мүмкіндіктері үшін Интернет байланысы қажет. Интернетке
қосылғаннан кейін бұл бұйым автоматты түрде Bosch серверіне қосылады.
Қосылу деректері, атап айтқанда IP мекенжайы, автоматты түрде жіберіледі
және Bosch Thermotechnik арқылы өңделеді. Өңдеуді осы бұйымды зауыттық
параметрлерге қайта орнату арқылы реттеуге болады. Деректерді өңдеу туралы
қосымша ақпаратты деректерді қорғау туралы келесі ақпараттан және
Интернеттен табуға болады.
51
K 30 RF – 6721846167 (2022/02)