Télécharger Imprimer la page

Bosch IO Tronic Heat Notice De Montage Et D'utilisation page 22

Kit de raccordement eau chaude sanitaire/source de remplacement
Masquer les pouces Voir aussi pour IO Tronic Heat:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
[kk] Едендік жылытуға арналған температураны қорғаныс шектегіш құралы (STB) (D8738104940)
[kk] Едендік жылытуға арналған температураны
қорғаныс шектегіш құралы (STB) (D8738104940)
Монтаждау және пайдалану бойынша нұсқаулық
1
Қауіпсіздікке қатысты жалпы нұсқаулар
H Қауіпсіздікке қатысты жалпы нұсқаулар
Бұл монтаждау нұсқаулығы газ және су құбыры
құрылғылары, жылыту құралдары мен электр
жабдықтары бойынша мамандарға арналған.
Нұсқаулықтағы барлық директивалар сақталуы
тиіс. Нұсқауларды сақтамаған жағдайда
материалдық шығындар мен адамдардың өлім
қатеріне дейін әкелетін шығын болуы мүмкін.
Барлық қосымша жабдықтарды орнату және
пайдалануға тек қана құзыретті тұлғаға және
тіркелген мамандандырылған кәсіпорынға рұқсат
етіледі.
▶ Жабдықты орнатпас бұрын орнатуға е қатысты
нұсқауларды мұқият оқыңыз.
▶ Қауіпсіздік техникасы мен ескертулерді
қадағалаңыз.
▶ Ұлттық және аймақтық жарлықтарды,
техникалық ережелер мен директиваларды
сақтаңыз.
▶ Орындалған жұмыстардың құжаттарын жасап
отырыңыз.
▶ Қапталған жабдықтың және жеткізу көлемінің
толықтығын тексеріңіз. Тек қана мінсіз
қалыптағы бөлшектерін құрастырып орнатыңыз.
▶ Тұтынушыға жылыту құрылғысының әрекет ету
принципі туралы ақпарат беріңіз және оларға
өзгерістер енгізуге тыйым салынатындығын
ескерту қажет.
H Электр тогының соғу қаупі бар!
▶ Электрлік жалғауды және электрмонтаждау
жұмыстарын тек қана білікті, дайындықтан өткен
персоналға орындауға рұқсат етіледі.
Жалғанымдар сызбасын қадағалаңыз.
▶ Кез-келген жұмыстарды орындамас бұрын
қазанды қоректендіруші кернеуден ажыратыңыз
(мысалы, қорғаныш автоматы/сақтандырғыш
арқылы).
▶ Дұрыс орнатпау салдарынан қондырғы бүлінуі
мүмкін және оған өндіруші жауапкершілік
жүктемейді.
22
2
Мақсаты бойынша пайдалану
Термостат жылыту қазанындағы су шекті температураға жеткен
кезде жылыту қазанын өшіру үшін қолданылады және еден жылыту
контурындағы төмен температураларға арналған.
Бұл термостатты жылыту қазандарында суды қыздыру үшін
қолдануға болмайды!
3
Орнату
▶ Жылыту қазанын оның алдындағы қорғаныш ажыратқышы
арқылы қоректендіру көзінен ажыратыңыз және қаптамасын
шешіңіз (төменгі жағындағы екі бұранда және жоғарғы
жағындағы бір бұранда мен кілтекті).
▶ Бекіту кілтектерін гильзадан алыңыз, термостаттың капиллярлық
датчигін ағытып алыңыз, капиллярларды босатыңыз, алдыңғы
ҚТШҚ бұрап ашыңыз және алыңыз. (-сур. 22, [3, 4])
▶ Термостаттың сымдарын штепсельмен басқа термостатқа
ауыстырыңыз (-сур. 21)
▶ Жаңа термостатты (40... 60 °C) бұрап бекітіңіз және оның
капиллярлық датчигін датчиктің гильзасына орнатыңыз.
▶ Капиллярлар мен кабельдерді бекітіңіз және қазан
температурасы датчигін бекіту кілтегімен бекітіңіз.
▶ Жаңа ҚТШҚ белгіленген мәнді баптаңыз. Едендік жылыту үшін
бұл ең жоғары 50 °C мәнді құрайды.
Жылыту қазанын қосқаннан кейін белгіленген өшіру
температурасын тексеріңіз. Алдыңғы оқшаулаудан кейін ҚТШҚ
қайтадан қосу жылыту қазанындағы температураны алдыңғы
мәнінен 20 °C аса төмендетеді.
▶ Өшірулі жылыту қазанына қаптамасын кигізіңіз.
▶ Қызмет мәзіріндегі (SE03 параметрлер) ең жоғарғы қазан
температурасын 40 °C баптаңыз.
▶ Электрондық құрылғыда ыстық суды пайдалану температурасын
35 °C орнатыңыз.
▶ Соңында электрондық жабдықтың өшірілуін "жылыту қазаны
термостаты" көмегімен тексеріңіз.
▶ Жылыту жүйесіне қажетті реттеуді таңдаңыз
(PA02 параметрлер).
IO Tronic Heat - D8738104940 – 6720868820 (2020/09)

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

D8738104940