Télécharger Imprimer la page

Emil Lux BTP 4500/E-4 Notice Originale page 68

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 13
Tiefbrunnenpumpe_118677.book Seite 68 Freitag, 9. August 2019 8:16 08
KAZ
Мазмұны
Жұмыс алдында... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 68
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін . . . . . . . . . . . . . . . 68
Құрылғының жалпы көрінісі . . . . . . . . . . . . 69
Пайдалануға беру . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 69
Пайдалану . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 70
Тазалау жəне техникалық қызмет көрсету . 70
Сақтау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 70
Жұмыстағы ақаулықтар жəне оларды жою 71
Кəдеге жарату . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 71
Техникалық сипаттамалар . . . . . . . . . . . . . . 71
Кепілдік картасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 78
Жұмыс алдында...
Қолдану мақсаты
Құрылғы құдықтардан, шахталардан жəне басқа да
су көздерінен тұщы суды қотаруға жəне суару
құрылғылары мен жүйелерін пайдалануға арналған.
Ол ауыз суымен жабдықтау немесе азық-түлік
өнімдерін тасымалдау үшін пайдаланылмауы тиіс.
Жарылғыш, жанғыш, коррозиялық тұрғыдан бел-
сенді немесе денсаулыққа қауіпті заттар мен нəжіс
қотарылмауы тиіс.
Құрылғы кəсіби жəне өнеркəсіптік пайдалануға
жарамайды.
Бұл құрылғы үздіксіз пайдалануға
(мысалы, сүзгілеу қондырғыларында ұзақ мерзімді
қотаруға) арналмаған. Оған қоса, ол құрамында
тозғыш заттар бар (мысалы, құм) немесе тұнба,
құм, батпақ немесе балшық қоспасы бар
сұйықтықтарға қолдануға жарамайды.
Құрылғы өнеркəсіптік пайдалануға арналмаған.
Жазатайым оқиғадан сақтандыратын жалпы ере-
желерді жəне қауіпсіздік техникасы бойынша
берілген нұсқауларды ұстанған жөн.
Пайдалану бойынша осы нұсқаулықта көрсетілген
əрекетті ғана жүзеге асыру қажет. Кез келген өзгеше
пайдалану тыйым салынған қате қолданыс болып
есептеледі. Өндіруші мұндай қолданыс нəтижесінен
туындаған зақымдар үшін жауапкершілік көтермейді.
Қолданылған белгілер нені білдіреді?
Қауіп туралы ескертулер мен нұсқаулар пайда-
лану бойынша нұсқаулықта анық көрсетілген.
Келесі белгілер пайдаланылады:
ҚАУIП! Өмірге төнетін тікелей қауіп
немесе жарақат алу қаупі! Өлімге
немесе ауыр жарақатқа алып келетін
тікелей қауіпті оқиға.
ЕСКЕРТУ! Өмірге төнуі мүмкін қауіп
немесе жарақат алу қаупі! Өлімге
немесе ауыр жарақатқа алып келетін
жалпы қауіпті оқиға.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақат алу қаупі
туындауы мүмкін! Жарақаттарға алып
келуі мүмкін қауіпті оқиға.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғының
зақымдалу қаупі бар! Материалдық
шығынға алып келуі мүмкін оқиға.
68
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Нұсқау: Процестерді жақсырақ түсіну
Пайдалану бойынша түпнұсқа нұсқаулық
Батпалы сорғы
үшін берілген ақпарат.
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін
Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
• Құралды сенімді пайдалану үшін қолданушы
алғаш қолданар алдында пайдалану жөнінде
осы нұсқаулықты оқып шығуы керек.
• Қауіпсіздік шаралары бойынша барлық
нұсқауларды орындаңыз! Егер қауіпсіздік шарала-
рын сақтау бойынша нұсқауларды ескермесеңіз,
өзіңіз бен басқаларға қауіп төндіресіз.
• Пайдалану бойынша нұсқаулық пен қауіпсіздік
бойынша нұсқауларды болашақта пайдалану
үшін сақтап қойыңыз.
• Егер құрылғыны сатсаңыз немесе оны біреуге
берсеңіз, оған міндетті түрде пайдалану
бойынша нұсқаулықты қоса беріңіз.
• Аспапты тек ақаусыз күйде қолдану рұқсат
етіледі. Құрылғы немесе оның бір бөлігі
бүлінген жағдайда оны қолданыстан шығарып,
ұйғарымдарға сəйкес кəдеге жарату қажет.
• Аспапты жарылыс қауіпті жағдайдағы жай-
ларда, сонымен қатар, жанғыш сұйықтықтар
мен газдардың жанында қолданбаңыз.
• Өшірілген құрылғыны кездейсоқ қосылудан
бұғаттау қажет.
• Ажыратқышы дұрыс жұмыс істемейтін аспап-
тарды пайдаланбаңыз.
• Құрылғыға балаларды жақындатпаңыз!
Құрылғыны балалардың жəне басқа
тұлғалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Құрылғыны асыра жүктемеңіз. Құрылғыны тек
тағайындалған мақсатта қолданыңыз.
• Жұмыс істегенде сақ болу жəне жақсы күйде
болу қажет: Шаршаған, ауырған, алкогольден
немесе есірткіден мастанған күйде, сондай-ақ
дəрі-дəрмектер əсер еткенде Сіз бұйымды
қауіпсіз пайдалана алмайсыз.
• Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шекте-
улі тұлғалар (балаларды қосқанда)/тəжірибесі
жəне/немесе білімі жеткіліксіз адамдар олардың
қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың қарауында
болмаған немесе сондай тұлғадан құрылғыны
пайдалану бойынша нұсқау алмаған жағдайда
құрылғыны пайдаланбауы тиіс.
• Балаларға аспаппен ойнауға жол бермеңіз.
• Əрдайым қолданыстағы ұлттық жəне
халықаралық қауіпсіздік техникасының талап-
тарын, сондай-ақ денсаулық сақтау жəне
еңбек нормаларын орындау қажет.
Электрлік қауіпсіздік
• Аспапты дұрыс қорғалатын байланыспен
жабдықталған ашалы розеткаға ғана қосуға
рұқсат етіледі.
• Құралды 30 мА шамасынан аспайтын ток
шыққан кезде жұмыс істеп кететін дифферен-
циалды автомат арқылы қосқан дұрыс.
• Аспапты желіге қосар алдында желідегі электрмен
жабдықтаудың аспапты электрмен қоректендіру
талаптарына сəйкес келетіндігіне көз жеткізу қажет.

Publicité

loading

Produits Connexes pour Emil Lux BTP 4500/E-4

Ce manuel est également adapté pour:

118677