Техникалық Күтім Және Қызмет - Bosch GLM 100-25 C Professional Notice Originale

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 40
332 | Қазақ
Дәлдік тексерісі
Еңісті өлшеу дәлдігін және қашықтықты өлшеу функциясын жүйелі түрде тексеріп
тұрыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты мына
жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/manuals
Қате туралы хабар
Өлшеу құралы әрбір өлшеудің дұрыс орындалуын бақылайды. Ақаулық
анықталса, дисплейде тек іргелес белгі көрсетіледі және өлшеу құралы
өшіп қалады. Бұл жағдайда өлшеу құралыңызды сатушыңыз арқылы Bosch
қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын тек жеткізілген қорғайтын қабында сақтаңыз немесе тасымалдаңыз.
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе
еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Әсіресе қабылдағыш линзаны (20), лазер шығару саңылауын (21) және камераны
(22) айрықша мұқият тазалаңыз: қабылдағыш линзада, лазер шығару саңылауында
және камерада кірдің жоқтығына көз жеткізіңіз. Қабылдағыш линзаны, лазер шығару
саңылауын және камераны тек фотоаппарат линзалары үшін жарамды болатын
құралдармен тазалаңыз. Қабылдағыш линзадан, лазер шығару саңылауынан немесе
камерадан кірді үшкір заттармен кетіруге әрекет жасамаңыз және оларды сүртпеңіз
(сызат түсіру қаупі бар).
Жөндеу қажет болғанда, өлшеу құралын қорғаныш қабында (24) жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер
бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай
бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары
туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
1 609 92A 7CC | (11.02.2022)
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Glm 150-27 c professional

Table des Matières