Пайдалану Жөніндегі Нұсқаулық - Lux Tools E-SBS-21 Notice Originale

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 17
KAZ
Мазмұны
Жұмыс алдында... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 98
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін . . . . . . . . . . . . . . . 98
Аспапты шолу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 101
Қолдануға енгізу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 102
Пайдалану . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 102
Тазалау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 103
Ақаулықтарды іздеу жəне жою . . . . . . . . . 103
Кəдеге жарату . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 103
Техникалық деректер . . . . . . . . . . . . . . . . . . 104
Кепілдік картасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 114
Жұмыс алдында...
Қолдану мақсаты
Аспап ағашты, пластмассаны, металды жəне
басқа материалдарды аралауға арналған.
Құрылғы өнеркəсіптік пайдалануға арналмаған.
Жазатайым оқиғадан сақтандыратын жалпы ере-
желерді жəне қауіпсіздік техникасы бойынша
берілген нұсқауларды ұстанған жөн.
Пайдалану бойынша осы нұсқаулықта көрсетілген
əрекетті ғана жүзеге асыру қажет. Кез келген
өзгеше пайдалану тыйым салынған қате қолданыс
болып есептеледі. Өндіруші мұндай қолданыс
нəтижесінен туындаған зақымдар үшін жауапкер-
шілік көтермейді.
Қолданылған белгілер нені білдіреді?
Қауіп туралы ескертулер мен нұсқаулар пайда-
лану бойынша нұсқаулықта анық көрсетілген.
Келесі белгілер пайдаланылады:
ҚАУIП! Өмірге төнетін тікелей қауіп
немесе жарақат алу қаупі! Өлімге
немесе ауыр жарақатқа алып келетін тіке-
лей қауіпті оқиға.
ЕСКЕРТУ! Өмірге төнуі мүмкін қауіп
немесе жарақат алу қаупі! Өлімге
немесе ауыр жарақатқа алып келетін
жалпы қауіпті оқиға.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақат алу қаупі
туындауы мүмкін! Жарақаттарға алып
келуі мүмкін қауіпті оқиға.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғының
зақымдалу қаупі бар! Материалдық
шығынға алып келуі мүмкін оқиға.
Нұсқау: Процестерді жақсырақ түсіну
үшін берілген ақпарат.
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін
Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
• Құралды сенімді пайдалану үшін қолданушы
алғаш қолданар алдында пайдалану жөнінде
осы нұсқаулықты оқып шығуы керек.
• Егер құрылғыны сатсаңыз немесе оны біреуге
берсеңіз, оған міндетті түрде пайдалану бой-
ынша нұсқаулықты қоса беріңіз.
98
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Электр құралдарына арналған қауіпсіздік
Пайдалану бойынша түпнұсқа нұсқаулық
Қылышты ара
техникасы бойынша жалпы нұсқаулар
• Кейінгі пайдалану үшін барлық қауіпсіздік
нұсқаулары мен нұсқауларды сақтап қой-
ыңыз. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау-
ларда пайдаланылған электр құралы деген
термин желіден қоректенетін (желілік кабель-
мен), сондай-ақ аккумулятордан қоректенетін
(желілік кабельсіз) электр құралдарына
жатады.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
• Жұмыс орнын таза ұстаңыз жəне жақсы
жарықтандырудың болуын қадағалаңыз.
Ретсіздік жəне нашар жарықтандырылған
жұмыс аймақтары жазатайым оқиғаларға əкеп
соқтыруы мүмкін.
• Электр құралымен жарылыс қаупі бар
ортада, жанғыш сұйықтықтар, газ жəне
шаңдар маңында жұмыс істемеңіз. Электр
құралдары бу мен шаңды тұтандыратын
қабілеті бар ұшқын көздері болып табылады.
• Электр құралымен жұмыс істеу кезінде
бөгде адамдар мен балаларды жақын
жібермеңіз. Алаңдап, аспапты бақылаудан
айырылып қалуыңыз мүмкін.
Электрлік қауіпсіздік
• Электр аспабының штепсельдік ашасы
розеткаға сай келуі керек. Штепсельдік
ашаны еш жағдайда өзгертпеңіз. Қорға-
ныштық жерге тұйықтауы бар электр
құралдарындағы штепсель айырларына
аранлған адаптерлерді пайдаланбаңыз.
Өзгертілмеген штепсельдік ашалар мен сəй-
кес келетін штепсельдік розеткалар электр
тогынан зақымдану қаупін төмендетеді.
• Жерге тұйықталған бетпен, мысалы, құбы-
рлармен, жылыту элементтерімен, ас үй
плиталарымен жəне тоңазытқыштармен
денеңіздің жанасуынан сақтаныңыз.
Денеңіз жерге тұйықталған болса, ток соғу тəу-
екелі айтарлықтай артады.
• Электр құралын жаңбырдан жəне ылғалдан
қорғаңыз. Электр құралының ішіне судың кіруі
электр тогынан зақымдану тəуекелін артты-
рады.
• Кабельді мақсатынан тыс, мысалы, электр
құралын тасымалдау, штепсельдік ашаны
тартып шығару үшін пайдаланбаңыз.
Кабельді жоғары температурадан, майдан,
құралдың өткір шеттерінен немесе жылжы-
малы бөліктерінен сақтаңыз. Зақымданған
немесе шатасып қалған сым электр тогынан
зақымдану тəуекелін арттырады.
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік техникасы бой-
ынша барлық нұсқаулармен жəне
нұсқаулықтармен танысып шығыңыз.
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау-
ларды жəне нұсқаулықтарды елемеу ток
соғуға, өртке жəне/немесе ауыр жарақат
алуға əкелуі мүмкін.

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

380459

Table des Matières