Bosch GBG 6 Professional Notice Originale page 107

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 16
OBJ_BUCH-1501-004.book Page 107 Tuesday, September 30, 2014 11:17 AM
 Осы электр құралына арналмаған және
өндірушімен ұсынылмаған жабдықтарды
пайдаланбаңыз. Электр құралында берік бекіту
мүмкіндігі бар жабдықтар ғана қауіпсіз пайдалануды
қамтамасыз етеді.
 Алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген
айналымдар саны кемінде электр құралында
белгіленген максималды айналымдар санына
сәйкес болуы керек. Рұқсат етілгеннен жылдам
айналатын жабдық бұзылып, шашылып кетуі мүмкін.
 Бұзылған алмалы-салмалы аспапты
пайдаланбаңыз. Әрбір пайдаланудан алдын
тегістеу шеңберлерін сынықтар және жарықтарға
тексеріңіз. Электр құралын немесе алмалы-
салмалы аспапты түсіріп алсаңыз, оны тексеріңіз,
тек зақымдалмаған алмалы-салмалы аспапты
пайдаланыңыз. Алмалы-салмалы аспапты тексеріп
пайдалану кезінде өзіңіздің және өзге адамдардың
айналатын алмалы-салмалы аспаптан қашық жерде
тұрғанында ғана электр құралын бір минут ішінде
максималды айналымдар санында қосыңыз.
Зақымдалған алмалы-салмалы аспаптар тексеру
кезінде анықталады.
 Электр құралыңызды тек қосымша ұшқын
қорғанысы 10 менен пайдаланыңыз. Шығатын
ұшқындар көзді зақымдауы немесе қоршауда өрт
салуы мүмкін.
 Ұшқын қорғанысын 10 ажарлау кезінде төменге
қайырыңыз. Металлды ажарлау арқылы ұшқындар
пайда болады.
 Дайындама тіреуіші 11 немесе ұшқын
қорғанысының ұстағышы 9 мен ажарлау дискісі
аралығын жүйелік түрде тексеріп, керек болса,
реттеңіз. Ажарлау дискісіне дейінгі аралық 2 мм
ұзын болмауы керек. Аралық ұзын болса ұшқын
ұшуынан жетерлік қорғалған болмайсыз. Дайындама
ажарлау дискісінің айналу әрекеті арқылы тартылып,
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
 Дайындаманы тек қосулы электр құралына апарып,
электр құралын тек дайындаманы көтеріп алғаннан
соң ғана өшіріңіз. Дайындама тосыннан қосылуы
мүмкін.
 Дайындаманы ешқашан айналып тұрған ажарлау
дискісінің жанына апармаңыз және әрдайым
алдынан ажарлаңыз. Дайындама айналу әрекеті
арқылы қолдан шығып, жарақаттануларға алып келуі
мүмкін.
 Ешқашан айналып тұрған электр құралының
ажарлау дискісін ұстамаңыз. Бұл ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
 Бүйірлік қысыммен айналғанында шығып тұрған
кесу шеңберін тоқтатпаңыз. Дайындама айналу
әрекеті арқылы қолдан шығып, жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Bosch Power Tools
 Жұмыс белдемшесін киіңіз. Адамдарға
ұшқындардың қауіп тигізбейтіндігіне көз
жеткізіңіз. Жанатын материалдарды алыстатыңыз.
Металлды ажарлау арқылы ұшқындар пайда болады.
 Жұмыс орнын таза ұстаңыз. Материал қоспалары өте
қауіпті. Жеңіл метал шаңы жануы немесе жарылуы
мүмкін.
Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды
болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын
жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр
құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағанасы
Электр құралы айналып тұрғанда
қолыңызды ажарлау аймағына
әкемеңіз. Ажарлау дискісіне тию
жарақаттану қаупін тудырады.
Құлақ сақтағышын киіңіз. Шуыл
әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы
мүмкін.
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
Қорғау қолғабын киіңіз.
Қaзақша | 107
1 609 92A 0XY | (30.9.14)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gbg 8 professional

Table des Matières