Bosch EasyRotak 36-550 Notice Originale page 202

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
202 | Қазақ
температурасы ұйғарынды қуаттандыру температуралық
аумағынан тыс болғанын білдіреді, "Техникалық
мәліметтер" тарауын қараңыз. Ұйғарынды температура
деңгейі орнатылған сәттен кейін қуаттандыру құралы
автоматты түрде жылдам қуаттандыру барысына
ауысады.
Аккумулятор температурасы ұйғарынды қуаттандыру
температура деңгейінен тыс аумағында болғанда,
қуаттандыру құралы енгізілгенде аккумулятордың қызыл
түсті жарық диодтық шамы жанатын болады.
Қуаттандыру барысы өткізіле алынбайтын жағдайлар
Қуаттандыру барысында басқа бөгет пайда
болғанда, осы бөгет қуаттандыру құралының
жарық диодтық шамының қызыл түспен
жыпықтап жанып тұруы арқылы көрсетіледі.
Бұл жағдайда қуаттандыру барысы бастала алмай және
аккумулятордың қуаттандырыла алмайтын болады
("Қателер мен бөгеттерді белгілеу" тарауын оқыңыз).
Қуаттандыру бойынша нұсқаулар
Аса ұзақ уақыт бойы қуаттандыру немесе қуаттандыру
циклдарының бірінен кейін бірін қайта бірнеше рет ешбір
үзіліссіз өткізу арқылы қуаттандыру құралы қызып кетуі
мүмкін. Осындай қуаттандыру барыстары ешбір түрде
қаупті болмайды, қуаттандыру құралында техникалық
ақауының бар болуын білдірмейді.
Қуаттандырылғанынан кейін жұмыс циклдарының
айтарлықтай қысқарып қалуы аккумулятордың тозып
қалғанын және оны ауыстыру керектігін білдіреді.
Кәдеге жарату бойынша нұсқауларын ұстаныңыз.
Аккумуляторды суыту (Active Air Cooling)
Қуаттандыру құралында құрастырылған желдеткіш
басқаруы жүйесі аккумулятордың температурасын
бақылап тұрады. Аккумулятор температурасы 30 °C
деңгейінен жоғары болса, ол желдеткіш арқылы оңтайлы
қуаттандыру температурасына дейін суытылып қойылып
тұратын болады. Іске қосылып тұрған желдеткіш желдету
дыбыстарын шығарып тұрады.
Желдеткіштің іске қосылмай тұруы аккумулятор
температурасының оңтайлы ауқымда болғанын немесе
желдеткіштің бұзылып қалуын білдіреді. Бұл жағдайда
аккумуляторды қуаттандыру уақыты ұзаратын болады.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Аккумулятордың қуаттандырылу күйін
көрсеткіш
Аккумулятор өзінің қуаттандырылып жатқан қалпын
көрсететін қуаттандырылу күйінің көрсеткішімен
жабдықталған. Қуаттандыру күйінің көрсеткіші 3 жасыл
түсті жарық диодтық шамдарынан тұрады.
Қуаттандыру күйінің көрсетілуін белсендіру үшін
қуаттандыру күйінің көрсеткіш түймешігін басыңыз.
Шамамен 5 секундтан кейін қуаттандыру күйінің
көрсеткіші өз-өзімен өшіп қалады.
F 016 L81 912 | (06.02.2020)
Аккумулятордың қуаттандырылу күйін аккумулятор
құралдан шығарылып қойылған да тексеруге болады.
Жарық диодтық
Aккумулятор қуаты
көрсеткіш
3 жасыл түсті жарық
≥ 2/3
диодтық шамдарының
тұрақты жанып тұруы
2 жасыл түсті жарық
≥ 1/3
диодтық шамдарының
тұрақты жанып тұруы
1 жасыл түсті жарық
≤ 1/3
диодтық шамдарының
тұрақты жанып тұруы
1 жасыл түсті жарық
Резерв
диодтық шамдарының
жыпықтап жанып тұруы
Түймешікті басқаннан кейін ешбір жарық диодтық шамы
жанбай тұруы аккумулятордың ақаулы болуын және оны
алмастыру қажет болғанын білдіреді.
Қауіпсіздік себептерінен, аккумулятордың
қуаттандырылу күйін бақ электрбұйымы істен
шығарылып қойылған қалыпта болғанда ғана тексеруге
болады.
Қуаттандыру кезінде үш жасыл түсті жарық диод
шамдары дәйекті түрде жанып, қысқа уақыттан кейін
өшеді. Үш жасыл жарық диодтық шамдарының үзіліссіз
жанып тұруы аккумулятордың толық қуаттандырылып
болғанын білдіреді. Аккумулятор толығымен
қуаттандырылып қойылған сәттен шамамен 5 минут
өткеннен кейін жасыл түсті жарық диод шамдары
қайтадан өз өздерімен өшеді.
Аккумулятордың температура бақылау үшін
арналған көрсеткіші
Температура бақылау үшін арналған қызыл түсті жарық
диодтық көрсеткіші аккумулятордың немесе бақ
электрбұйымның электроникасының (аккумулятор ішіне
құрастырылғанда) лайықты температура дәрежесінде
болмауын білдіреді. Бұл жағдайда бақ электрбұйымы
істемей немесе толық көлемінде істей алмай тұрады.
Аккумулятордың температуралық бақылауы
Қызыл түсті жарық диодтық шамы түймешікті немесе
қосу/өшіру ажыратқышын (аккумулятор ішінде
құрастырылғанда) басқанда жыпықтап тұрады:
Аккумулятор температурасы ұйғарынды пайдалану
температура аумағынан тыс  болып жатыр.
Аккумулятор, температура деңгейі 70°C жоғары
болғанда, қайтадан лайықты ұйғарынды жұмыс
температурасына жеткенше дейін өз-өзімен өшіріліп
қойылады.
Бақ электрбұйымның электроникасын
бақылау жүйесі
Қызыл түсті жарық диодтық шамы қосу/өшіру
ажыратқышын басқанда тұрақты түрде жанып тұрады:
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières