Техникалық Күтім Және Қызмет; Қызмет Көрсету Және Тазалау; Тұтынушыға Қызмет Көрсету Және Пайдалану Кеңестері - Bosch GSC 12V-13 Professional Notice Originale

Cisaille à tôle sans fil
Masquer les pouces Voir aussi pour GSC 12V-13 Professional:
Table des Matières

Publicité

Астыңғы пышақтың (12) бекіткіш бұрандасын босатыңыз.
Реттегіш бұранданың (11) көмегімен қажетті а пышақ
аралығын реттеңіз. Жоғарғы пышақ (9) пен астыңғы
пышақ (10) бір-біріне тимеуі тиіс.
Аралықты реттеу үлгісімен (13) тексеріп шығыңыз.
Астыңғы пышақтың бекіткіш бұрандасын (12) 3–4 Нм
шамасындағы тарту моментімен қайтадан бұрап бекітіңіз.
Температураға тәуелді артық жүктемеден қорғаныс
Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына
артық жүктеме түспейді. Артық жүктеме түскенде немесе
рұқсат етілген аккумулятор температурасының
диапазонынан тыс болғанда, жүріс саны қысқарады
немесе электр құралы өшеді. Жүріс саны қысқарғанда,
электр құралы аккумулятор рұқсат етілген температураға
жеткеннен кейін толық жүріс санымен жұмыс істейді.
Автоматты түрде өшкен жағдайда электр құралын өшіріп,
аккумуляторды суытыңыз да, электр құралын қайтадан
қосыңыз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Bosch Power Tools
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Пышақтарды алмастыру (A суретін қараңыз)
Жоғарғы пышақ (9) пен астыңғы пышақ (10) бірдей
болып табылады, әрқайсысында төрт кескіш қыры бар
және оларды бір-біріне алмастыруға болады.
Пышақтарды дер кезінде бұрап алмастырыңыз, себебі
тек өткір алмалы-салмалы аспаптар ғана жақсы кесіп,
электр құралын сақтайды.
Жоғарғы пышақты (9) алмастыру үшін (8) бекіткіш
бұрандасын, ал астыңғы пышақты (10) алмастыру
үшін (12) бекіткіш бұрандасын босатыңыз.
Пышақты 90° шамасына бұраңыз немесе жаңа пышақты
орнатыңыз. Астыңғы пышақты (10) орнату кезінде оның
реттегіш бұрандаға (11) жайылғанына көз жеткізіңіз.
Нұсқау: пышақты тек A суретінде көрсетілген бағытпен
бұраңыз немесе жаңа пышақты суретте көрсетілген күйде
орнатыңыз. Дұрыс орнатылмаған пышақпен кесу мүмкін
болмайды.
Жоғарғы пышақты бекіткіш бұранданы (8) немесе
астыңғы пышақты бекіткіш бұранданы (12) 3–4 Нм
шамасындағы тарту моментімен қайтадан бұрап бекітіңіз.
a пышақ аралығын жоғарыда сипатталғандай тексеріп
шығыңыз.
Жоғарғы пышақты (9) және астыңғы пышақты (10)
қосымша өткірлеуге болмайды.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
Қазақ | 111
1 609 92A 509 | (02.12.2019)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gus 12v-300 professionalGus 12v-300 professional solo06019b290406019b2901

Table des Matières