Télécharger Imprimer la page

Electrolux EFV536K Notice D'utilisation page 137

Masquer les pouces Voir aussi pour EFV536K:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 96
• Құрылғының бетін тазалау үшін бумен тазалау құралын,
сулы спрейді, қатты жеміргіш заттарды немесе өткір
темір құралдарды пайдаланбаңыз. Бейтарап жуғыш
заттарды ғана қолданыңыз.
• Өрт шықпас үшін май жинайтын сүзгілерді (кемінде 2
айда бір рет) және құрылғыға жиналған майларды
тазалаңыз.
• Құрылғының ішін шүберекпен тазалаңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр қатері, күйіп қалу,
өрт қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
• Осы құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай
болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы
мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Құрылғыны орнатпас бұрын барлық
орам материалдарын, жапсырмасын
және қорғаныш үлдірін алыңыз.
• Ауа тартқыш құрылғыны, егер қабырға
орнатуға арнайы рұқсат берілмесе,
онда орнатпаңыз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруы керек.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
• Егер (
) белгішесі техникалық ақпарат
тақтайшасында жазылмаса, құрылғыны
жерге тұйықтау қажет.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, соққыға
төзімді розетканы қолданыңыз.
• Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
• Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш
сымды қолданбаңыз.
• Егер розетка бекітілмеген болса, ашаны
жалғамаңыз.
• Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым қорек
ашаны қолмен тартып шығарыңыз.
• Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы
бар бөлшектерді электр қатерінен
қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп
мықтап орнату керек.
• Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз
жеткізіңіз. Бос әрі дұрыс емес электр
желісінің сымы ағытпаны тым ысытып
жіберуі мүмкін.
• Құрылғыны орнатқаннан кейін қосыңыз.
Орнатып болғаннан кейін электр
желісіне қол жеткізуге болатынына көз
жеткізіңіз.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу, электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
137

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Efv539kKfvd16kKfvd19kLfv626kLfv629k