Télécharger Imprimer la page

FIRST AUSTRIA FA-5130 Manuel Utilisateur page 37

Autocuiseur pression électrique

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 25
ЭЛЕКТРЛІК ЖЫЛДАМ ПІСІРГІШ
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Өнімді пайдаланбас бұрын, осы нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз.
ФУНКЦИЯЛАРЫ:
Біз ұсынып отырған көп функциялы жылдам
пісіргіштер – ең соңғы озық технологиямен
жасалған пісіргіштер. Онда жылдам
пісіргіштердің де, күріш пісіргіштердің де және
бұқтыруға арналған кәстрөлдің де функциялары
бар. Одан бөлек мұндай пісіргіштер заманауи
жанұялардың бірінші кезектегі таңдауы болуы
керек, себебі ондағы температура мен қысым
автоматты түрде микрокомпьютер арқылы
басқарылады және онда алуан түрлі сипаттама
бар. Мысалы, құрылымы жетілдірілген, дизайны
сәнді, қауіпсіздігі сенімді, көп функциялы
опциялары бар, қолданылуы оңай, қуатты
үнемдейді және тамақтың тағамдық құндылығын
сақтайды.
1. Дайындау, бумен пісіру және бұқтыру сияқты
көп функиялы опциялары бар
2. Бүкіл процедураға арналған
микрокомпьютерлі автоматты басқару
элементі
3. Кешіктіріп дайындауға арналған 24 сағаттық
алдын ала орнатылатын уақыт
4. Қуатты 60 пайызға және уақытты 40 пайызға
үнемдеуге мүмкіндік беретін жоғары
жылулық тиімділігі
5. Азық-түліктің тағамдық құндылығы мен дәмін
сақтауға және тамақты жұмсартуға мүмкіндік
беретін толықтай герметикалық құрылым
6. Ішкі ыдысында күйікке қарсы қабат бар, оңай
тазаланады.
7. Төмендегідей сенімді қауіпсіздік қорғаныс
құрылғылары бар:
a. Қақпақтың ашылуы мен жабылуына
арналған қауіпсіздік параметрі – Егер қақпақ
термоизоляторды құлыптамаса, демек оның
ішінде қысым жоқ, ал ішінде қысым болса,
олар құлыпталып қалады.
b. Қысымды басқару параметрі – ішіндегі
қысым жоба бойынша белгіленген деңгейге
жеткенде, ол автоматты түрде қуат көзін
өшіріп, қысымды ұстап тұру процесіне
ауысады.
c. Қысымды шектейтін қауіпсіздік параметрі
– температура мен қысымды басқару
элементінің істен шығуына байланысты
ішіндегі қысым максималды рұқсат етілген
жұмыс қысымынан асып кеткенде, бу
шығарып, қысымды шектеп отырады.
d. Блокталуға қарсы қорғанысы бар қысымды
шектеу параметрі – ол тамақтың қысымды
босату клапанындағы инені блоктап қалуға
жол бермейді.
e. Қысымды босатудың қауіпсіздік параметрі
– қысымды шектеудің қауіпсіздік параметрі
істен шығып, құрылғының ішіндегі қысым
максималды рұқсат етілген көрсеткішке
жеткенде, қақпақтың айналасынан автоматты
түрде босату арқылы, жарылыс қаупінің
алдын алады.
f. Температураны шектеу қорғаныс параметрі
– ішкі ыдыс бос күйінде қызып кетсе немесе
пісіргіштің ішінде ыдысы болмай қызатын
болса және температура жобадағы деңгейден
асып кетсе, ол автоматты түрде қыздыруды
тоқтатады.
g. Артық температурадан қорғау параметрі
– ішіндегі температура шектелген
температурадан асып кеткенде, ол автоматты
түрде қуатты өшіреді.
h. Қақпағы жабық кезде жарылысқа қарсы
патенттік қауіпсіздік параметрі – қақпағы
дұрыс құлыпталғанда ғана пісіргіштің ішінде
қысым сақталады немесе пісіргіш қалдық
қысымсыз қызады.
ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРАТЫН ЖАЙТ:
1. Функцияны таңдау және қысымды ұстап
тұру уақытын реттеу.
Мысалы, қуаты қосылып тұрғанда,
КҮРІШ параметрі істеп тұрады. ҚОЮ
СОРПА таңдағыңыз келсе, ҚОЮ СОРПА
түймесін басыңыз. Оның индикатор шамы
жыпылықтайды, 8 рет жыпылықтаған соң,
ол АВТО режимге ауысады және ҚОЮ СОРПА
индикатор шамы ҚЫСЫМДЫ ҰСТАП ТҰРУ
УАҚЫТЫ жанып тұрады.
ЕСКЕРТПЕ: Экранда пайда болған уақыт тек
қысымды ұстап тұру уақытын білдіреді, оған
қыздыру уақыты кірмейді (бұл уақыт тамақтың
мөлшеріне және қандай тамақ жасайтыныңызға
байланысты болады), сондықтан тамақ
дайындауға кететін уақыт көрсетілген уақыттан
біраз ұзақ болады.
2. Қолдану барысында
(1) Оны пайдаланбас бұрын қысымды шектейтін
клапанды сальникке қойыңыз.
(2) Жұмыс істеп тұрғанда, қақпағын ұстамаңыз,
өйткені ол өте ыстық болады.
(3) Функцияны таңдап, күтіңіз. 8 рет
жыпылықтаған соң, ол Автоматты режимге
ауысады.
(4) Қолыңызды қысым шығатын саңылаудың
үстіне қоймаңыз, қысым шыққанда, қолыңыз
күйіп қалуы мүмкін.
72
(5) Пісіргішті балалардың қолы жетпейтін жерге
қойыңыз.
(6) Қақпағын құлыптамас бұрын, құрылғыны қуат
көзіне жалғамаңыз.
(7) Қысымды шектеу клапанының үстіне ештеңе
қоюға болмайды.
1-сурет (a+b)
БӨЛІКТЕР
(A суреті)
1. Тұтқа
2. Қақпақ тұтқасы
3. Қақпағы
4. Қысымды шектеу клапаны
5. Босату клапанының инесі
6. Қалтқы клапан
7. Қалтқы
8. Ішкі ыдыс
9. Термоизолятор
10. Ортаңғы сақина
11. Басқару панелі
12. Қыздырғыш
13. Конденсат жинағыш
14. Пісіргіш құлағы
15. Сыртқы қабық
16. Қуат сымы, қуат ашасы
17. Негіз
18. Қалтқы клапанның сальникті сақинасы
19. Блокқа қарсы қорғаныс
20. Сальникті сақина
21. Сенсорлы перне
22. Аспалы тәрелке
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Қақпағын ашыңыз. Тұтқасын ұстап, сағат
тілімен тіркелгенше бұраңыз да, ашыңыз.
(2 және 3-сурет)
2. Ішкі ыдысқа тамақ салып, су құйыңыз.
Тамақ пен су ыдыстың 4/5 бөлігінен, ісінетін
тамақтар 3/5 бөлінінен, ал тамақ пен судың
жалпы мөлшері 1/5 бөлігінен асып кетпеуі
керек. (4, 5 және 6-сурет)
3. Ішкі ыдысты термоизолятордың ішіне
бекітіңіз. Алдымен, ішкі ыдыстың
сыртын, қыздырғыштың бетін және
термоизолятордың ішін тазалаңыз; содан
кейін ішкі ыдысты термоизолятордың ішіне
бекітіңіз және олардың дұрыс жалғанғанына
көз жеткізіңіз. (7-сурет)
4. Қақпақты жабыңыз.
Сальникті сақинаны қақпаққа орнатыңыз.
Сальникті сақинаны орнына түсіру үшін солға
және оңға бұраңыз.
Тұтқаны ұстаңыз және оны шектеулі аймаққа
қойыңыз, қақпақты құлыптау үшін сағат тіліне
қарсы бағытта бұраңыз. (8 және 9-сурет)
5. Қысымды шектеу клапанын орнатыңыз және
қалтқы төмен түсіп тұрғанына көз жеткізіңіз
(ол жұмыс істегенге дейін төмен түсіп тұруы
керек).
6. Қуатты қосқанда, дисплейде мынадай жазу
шығады:
Әдепкі опция: Rice (Күріш) функциясын
таңдаңыз. 8 рет жыпылықтаған соң, ол
Автоматты режимге ауысады. Қысымды
ұстап тұру уақыты дисплей экранында пайда
болады.
АЛДЫН АЛА ОРНАТЫЛҒАН ПАРАМЕТР ПЕРНЕСІ
● PRESET SETTING (АЛДЫН АЛА ОРНАТЫЛҒАН
ПАРАМЕТР) түймесін басыңыз, дисплейде
алдын ала орнатылған тиісті уақыт пайда
болады және оның индикатор шамы жанады.
Содан кейін "+/-" түймесін басып, параметрді
арттыруға немесе азайтуға болады. Басында
әр басқан сайын 0,5 сағат қосады немесе
азайтады. Алдын ала орнатылған уақыт 10
сағаттан асқан соң, әр басқан сайын 1 сағат
қосылады немесе шегеріледі. Алдын ала
орнатылған максималды уақыт 24 сағат
болуы керек.
● Уақыт орнатылған соң, опция функциясы
таңдалады немесе тамақ дайындау үшін
қысымды ұстап тұру функциясы орнатылады.
Содан кейін күтіңіз, 8 рет жыпылықтаған соң,
пісіргіш кері санақ режиміне ауысады да,
алдын ала орнатылған уақыттың кері санағы
аяқталған соң, автоматты режимде тамақ
дайындай бастайды.
ҚЫСЫМДЫ ҰСТАП ТҰРУ ПАРАМЕТРІНІҢ ПЕРНЕСІ
● ҚЫСЫМДЫ ҰСТАП ТҰРУ ПАРАМЕТРІ түймесін
басыңыз, содан кейін "+/-" түймесін басып,
параметрді арттыруға немесе азайтуға
болады. Түймені басқан сайын, тиісті
қысымды ұстап тұру уақыты 1 минутқа артады
немесе азаяды. Қысымды ұстап тұрудың
максималды уақыты – 99 минут.
● Қысым уақытын орнату процесі аяқталады
және 8 рет жыпылықтаған соң, ол автоматты
режимге ауысады.
Ішіндегі қысым жоба бойынша белгіленген
деңгейге жеткенде, қысымды ұстап тұру
уақыты 1 минутқа азаяды.
● Түрлі шыныаяқ сыйымдылығы үшін Күріш
функциясының үш опциясы бар.
● "+/-" функциясы үшін әдепкі тамақ дайындау
функциясын таңдасаңыз да, алдын ала
орнатылған функцияны таңдасаңыз да,
қысымды ұстап тұру функциясын таңдасаңыз
да, уақытты арттыру немесе азайту үшін "+/-"
түймелерін баса беруіңізге болады.
73

Publicité

loading