Kärcher WD 4 Car Mode D'emploi page 146

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 15
Жұмсақ қылдары бар қара қылшақ
 Құралдар панелі мен ортаңғы консоль сияқты
көліктегі нəзік беттерді абайлап тазалауға
арналған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Ылғалды не құрғақ тазалау кезінде, əрқашан
кірістірілген тегіс бүгілмелі сүзгімен жұмыс
істеңіз!
Іске қосу алдында
Сурет
 Құрылғы басын ағытыңыз жəне алып тастаңыз.
 Сауытты айналдырыңыз, бағыттағыш
роликтерді сауыттың түбіндегі саңылауларға
тірелгенше басыңыз.
 Бұйым жапқышын орнатыңыз жəне бекітіңіз.
Бұйымды іске қосу
Сурет
 Керек-жарақтарды жалғаңыз.
Сурет
 Желі ашасын енгізіңіз.
Сурет
 Бұйымды қосыңыз.
Құрғақ тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тек құрғақ тегіс бүгілмелі сүзгімен жұмыс істеңіз!
Сүзгіні қолданбас бұрын зақымдардың бар-жоғын
тексеріңіз жəне қажет болса, ауыстырыңыз.
Сурет
 Кеңес: Жұқа шаңды сору үшін сүзгіш қапты
орнатыңыз.
Сүзгіш қап бойынша нұсқау
Сүзгіш қаптың толу деңгейі сорылған кірге
байланысты.
Жұқа шаң, құм жəне т.б. үшін сүзгіш қапты жиі
ауыстырыңыз.
Қатты толған сүзгіш қап жарылуы мүмкін,
сондықтан сүзгіш қапты уақытында
ауыстырыңыз!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Суық күлді тек алдын ала бөлгішпен сорыңыз.
Тапсырыс №. Негізгі нұсқасы: 2.863-139.0, Premium
нұсқасы: 2.863-161.0.
Ылғалды тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Сүзгіш қапты қолданбаңыз!
 Мысалы, ылғалды сору үшін тиісті сору
шүмегінің ендірмесін анықтаңыз жəне тиісті
керек-жарақтарды жалғаңыз.
Нұсқау: Егер сауыт толған болса, қалтқы кіріс
саңылауды жауып, бұйым жоғары жылдамдықпен
жұмыс істейді. Бұйымды дереу өшіріңіз жəне
сауытты босатыңыз.
146
Қолдану
Бұйымның жұмыс істеуін уақытша тоқтату
Сурет
 Бұйымды істен шығарыңыз.
Сурет
 Еден сору шүмегін тұрақ күйіне орнатыңыз.
Жұмысты аяқтау
 Бұйымды өшіріп, ашаны тоқтан шығарып
алыңыз.
Сауытты босату
Сурет
 Құрылғы жапқышын алып тастаңыз, сауытты
ылғалды не құрғақ кірден босатыңыз.
Бұйымды сақтау
Сурет
 Керек-жарақтар мен желілік кабельді бұйымға
орналастырыңыз жəне бұйымды құрғақ жерге
сақтауға қойыңыз.
Күту мен техникалық тексеру
 Бұйым мен пластиктен жасалған керек-
жарақтарды пластик бұйымдарына арналған
стандартты тазалағыш заттармен тазалау
керек.
 Қажет болғанда, сауыт пен керек-жарақтарды
сумен шайыңыз жəне қайта қолданбас бұрын
құрғатыңыз.
Тегіс бүгілмелі сүзгіні тазалау
Кеңес: Əр қолданудан кейін сүзгіш элементті
тазалаңыз.
Сурет
 Сүзгіш элементті құлыптан босатыңыз да,
шығарып тастаңыз, сүзгіш элементтен кірді
қоқыс себетіне босатыңыз.
 Кірістірілген тегіс бүгілмелі сүзгілерді тазалау
үшін сүзгіш элементті себеттің шетіне қағып
тастаңыз. Тегіс бүгілмелі сүзгі сүзгіш
элементтен шығарылмауы керек.
Қажет болса, тегіс бүгілмелі сүзгіні бөлек
тазалаңыз.
Сурет
 Сүзгіш элементті құлыптан босатыңыз да,
шығарып тастаңыз.
Сурет
 Тегіс бүгілмелі сүзгіні сүзгіш элементтен қағып
шығарыңыз.
 Қажет болғанда, тек ағынды су астында
тазалаңыз, сүртпеңіз не қылшақпен
тазартпаңыз.
Қолдану алдында толығымен құрғатыңыз.
 Соңында құрғақ тегіс бүгілмелі сүзгіні бұйым
ішіне қайтадан орнатыңыз. Сүзгіш элементті
бұйым ішіне салып қойыңыз.
– 9
KK
жұмыстары

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Wd 4Wd 4 premium

Table des Matières