Бұйым Сипаттамасы - Kärcher WD 2 Mode D'emploi

Masquer les pouces Voir aussi pour WD 2:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 11
Бұйым бойынша өткізілетін барлық жұмыстар
уақытында бұйымды міндетті түрде электр
тоғынан шығарып, электр ашасын
розеткадан шығарылып алынуы тиіс.
Жөндеу жұмыстары мен электр бөлшектері
бойынша жұмыстар тек қана осы жұмыстар
үшін рұқсаты бар арнайы мамандар арқылы
ауыстыртып алуыңыз тиіс.
ЕСКЕРТУ
Бұл құрылғыны физикалық, сенсорлық немесе
ақыл-ой дамуы шектелген немесе тəжірибесі
жəне/немесе біліктілігі жоқ адамдар білікті
маманның бақылауында болмаған кезде
немесе осы мамандар тарапынан бұйымды
қолдану тəсілі жəне оған қатысты қауіптер
түсіндірілмеген кезде пайдаланбауы тиіс.
Балалар 8 жастан асқан жағдайда немесе
олардың қауіпсіздігіне жауапты адам
бақылауында немесе құрылғының қолдану
тəсілімен жəне оған қатысты қауіптермен
танысқан кезде ғана құрылғыны қолдана
алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балаларға құрылғымен ойнауға жол бермеу
үшін оларды бақылап отыру керек.
Балалар құрылғыны тек ересектердің
бақылауында тазалауы жəне пайдалануы
мүмкін.
Қаптауыш қағазды балалардан аулақ
ұстаңыз, тұншығып қалу қаупі бар!
Бұйымды əр пайдалану жəне тазалау/қызмет
көрсетуден кейін өшіріңіз.
Өрт қаупі. Жанғыш немесе тұтанғыш
заттарды соруға болмайды.
Жарылу қаупі бар жерлерде пайдалануға
тыйым салынады.
Көпіршіктену немесе сұйықтық шығатын
кезде, бұйымды өшіріңіз немесе электр
ашасын шығарыңыз!
Ешбір түрпілі тазартатын құралды, əйнек
тазалайтын жəне барлығын тазалайтын
құралдарды қолданбаңыз! Бұйымды ешқашан
суға батырмаңыз.
Сорғылып отырған ауамен қосылғанда кейбір
заттар жарылуға жол аша алатын булар мен
ерітінділерінің пайда болуына апара алады.
Астыдағы заттарды ешқашан сорғышпен
сорғытпаңыз:
Жарылып немесе жанып кете алатын газдар,
сулар мен шаңдарды (реактивті шаңдар)
Реактивті металл шаңдарын (мысалы
алюминий, магнезий, мырыш) аса қуатты
алкаликалық жəне қышқыл тазалау
бұйымдарымен бірге
Ерітілмеген қуатты қышқылдар мен
сілтілерді
Органикалық ерітінді бұйымдарын (мысалы
бензин, бояу ерітінділерін, ацетон, мазут).
Осыдан басқа, осы заттар бұйымдағы
қолданылған материалдарының бұзылуына да
апара алады.
Қауіп деңгейі
ҚАУІП
Ауыр жарақаттануға не өлімге апарып соғатын
тікелей түрде түсе алатын тəуекелге нұсқау.
ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақаттануға не өлімге апарып соғатын
ықтимал қауіпті жағдайларға нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жеңіл жарақаттануға апарып соғатын ықтимал
қауіпті жағдайға нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Материалдық зиянға апарып соғатын ықтимал
қауіпті жағдайға нұсқау.
Бұйым сипаттамасы
Суреттер бүктемелі бетте қараңыз!
Сіздің бұйымыңыздың жеткізілу көлемі
қорапшада бейнеленген. Бұйым қорапшасын
ашқанда қорапша ішіндегі бұйым мен бөлшектерінің
толық жəне бұзылмаған түрде болғандығын тексеріп
алыңыз.
Егер кейбір жабдықтар жоқ болса немесе
тасымалдау кезіндегі ақаулар болса, аппаратты
сатқан фирманы хабардар етіңіз.
1
Сауыт
2
Ажыратқыш
3
Сору шлангісі
4
Желілік кабельді сақтау
5
Тасымалдау тұтқасы
6
Clip құлпымен бұйым жапқышы
7
Сорғыш түтігі мен керек-жарақтарды сақтау
8
Ашасы бар желілік кабель
9
Бағыттағыш роликтер
10 Сорғыш шлангі
11 Сорғыш түтігі, 2 x 0,5 м
12 Ылғалды жəне құрғақ тазалауға арналған еден
сору шүмегі
13 Жапсарлар үшін шүмек
14 Сүзгіш қап
15 * Көбік не патрон сүзгісі (бұйымға орнатылған)
* жинақталуына байланысты
Іске қосу/қолдану
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Ылғалды не құрғақ тазалау кезінде, əрқашан
кірістірілген көбік не патрон сүзгісімен жұмыс
істеңіз!
Бұйым керек-жарақтарын орнату
Сурет
 Бұйым жапқышын алып тастаңыз жəне
сауыттан керек-жарақтарды алыңыз.
Сурет
 Бағыттағыш роликтер сауыттың төменгі
жағында орнатылған. Қажет болса, сүзгіш қапты
орнатыңыз.
Сурет
 Бұйым жапқышын сауытқа қойыңыз жəне
құлыптаңыз.
Сурет
 Керек-жарақтарды жалғаңыз.
Нұсқау: Еденнен құрғақ қоқыс не суды сору үшін
əрқашан еден сору шүмегіндегі ендірмемен (қылтарақ
жолақтары жəне резеңке губка) жұмыс істеңіз.
– 6
KK
87

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières