Техникалық Күтім Және Қызмет - Bosch GPB 18V-2 C Professional Notice Originale

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
Аккумулятормен жұмыс істеген кезде сыртқы құрылғыны
радио қабылдағыш қосылып тұрғанда ғана зарядтауға
болады.
Ластанудан қорғау үшін жалғағыштар бөлімінің (15)
қорғаныш қалпағын, USB кабелінің ашасын шығарғанда,
қайтадан жауып қойыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Ілгектер
Ілгектердің (19) көмегімен радио қабылдағышты,
мысалы, сатыға іліп қоюға болады. Ол үшін ілгектерді
қажетті күйге бұраңыз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін радио қабылдағыш
пен штепсельдік қуат блогын таза ұстаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
Bosch Power Tools
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да
мекенжайларын мына жерден қараңыз:
www.bosch-pt.com/serviceaddresses
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға
қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы
аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз
тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу)
орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды
сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді
тасымалдау маманымен хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана
жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және
аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет
болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату
Электр құрылғыларын, аккумуляторларды/
батареяларды, керек-жарақтар мен
орауыштарды қоршаған орта үшін қауіпсіз
жолмен қайта өңдеу орнына жіберу қажет.
Электр құрылғыларын және
аккумуляторларды/батареяларды тұрмыстық
қоқысқа тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Еуропалық 2012/19/ЕU директивасына сәйкес
жарамсыз электр құрылғыларын және еуропалық
2006/66/ЕC директивасына сәйкес ақаулы немесе
ескірген аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинау
және қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеу
орнына жіберу қажет.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
Қазақ | 163
1 609 92A 6F3 | (30.03.2021)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gpb 18v-2 sc professional

Table des Matières