Makita CB100D Manuel D'instructions page 257

Masquer les pouces Voir aussi pour CB100D:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 13
ОРНАТУ
Аккумулятор картриджін орнату
немесе алу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
орнатпас немесе алмас бұрын, әрдайым
құрылғыны өшіріңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
орнатқан немесе алған кезде, аккумулятор
ұстағышы мен аккумулятор картриджін мықтап
ұстаңыз. Аккумулятор ұстағышы мен аккумулятор
картриджін мықтап ұстамаған жағдайда олардың
қолыңыздан сырғанап түсіп, нәтижесінде екеуінің
де зақымдалуына және/немесе жарақат алуға
әкеп соқтыруы мүмкін.
► Сурет3: 1. Қызыл индикатор 2. Түйме
3. Аккумулятор картриджі
4. Аккумулятор ұстағышы (қосымша
керек-жарақ)
Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор
картриджіндегі тілшені корпустағы жырашықпен
туралап, оны орнына сырғытып салыңыз.
Аккумулятор картриджін сырт еткен дыбыс естіліп,
өз орнында құлыпталғанша итеріп салыңыз. Егер
түйменің жоғарғы жағында қызыл индикатор көрініп
тұрса, демек ол толығымен құлыпталмаған.
Аккумулятор картриджін алу үшін картридждің
алдыңғы жағындағы түймені басып, оны аккумулятор
ұстағышынан сырғытып шығарып алыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
әрдайым қызыл индикатор көрінбейтіндей
етіп, толығымен орнатыңыз. Олай жасамаған
жағдайда, ол аккумулятор ұстағышынан
кездейсоқ түсіп кетіп, сізді немесе айналаңыздағы
адамдарды жарақаттауы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
күштеп орнатпаңыз. Егер аккумулятор картриджі
жеңіл сырғымаса, демек ол дұрыс салынбаған.
Аккумулятор ұстағышын бекіту
Аккумулятор қалтасынан электр кабелін шығарып,
ұяшықты аккумулятор ұстағышының ашасына
қосыңыз.
► Сурет4: 1. Электр кабелі 2. Ұяшық 3. Аша
Аккумулятор қалтасын пайдалану
Аккумулятор ұстағышын (аккумулятор картриджімен)
аккумулятор қалтасында сақтауға болады.
Аккумулятор қалтасынан электр кабелін шығарып,
ұяшықты аккумулятор ұстағышының ашасына
қосыңыз. Содан кейін аккумулятор ұстағышын
(аккумулятор картриджімен) аккумулятор қалтасына
салып, сыдырма ілгекті жабыңыз.
► Сурет5
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор картриджін
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
(аккумулятор картриджімен) аккумулятор
қалтасында салғаннан кейін ілгекті
бекіткеніңізге көз жеткізіңіз.
Аккумулятор ұстағышындағы белдік ілмегін
бұрандаларды алу арқылы ажыратуға болады.
► Сурет6: 1. Бұранда 2. Белдік ілмегі
Ұзартқыш сымды пайдалану
Аккумулятор ұстағышын аккумулятор қалтасынан
шығарсаңыз, қуат сымының ұяшығы мен
аккумулятор ұстағышының ашасы арасындағы
ұзартқыш сымды қосыңыз.
► Сурет7: 1. Ұзартқыш сым 2. Ұяшық 3. Аша
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
пайдалану кезінде аккумулятор ұстағышы
абайсызда түсіп қалуы мүмкін болғандықтан,
оны мұқият қолданыңыз.
Аккумулятор ұстағышындағы
белдік ілмегін пайдалану
Аккумулятор ұстағышын белдігіңізге тағатын
болсаңыз, аккумулятор ұстағышының белдік
ілмегін белдігіңізге бекітіп, ұяшықты аккумулятор
ұстағышының ашасына қосыңыз.
► Сурет8: 1. Белдік ілмегі 2. Аккумулятор
ұстағышы 3. Бел буатын белдік 4. Аша
5. Ұяшық
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
абайсызда түсіп қалуына жол бермеу үшін,
бау тесігін пайдалану арқылы бау тағып, оны
мықтап бекітіңіз.
Аккумулятор ұстағышының түсіп қалуға жол
бермейтін функциясы бар. Аккумулятор ұстағышын
белдіктен алу кезінде оны босату түймесін басып
тұрып, тартыңыз.
► Сурет9: 1. Босату түймесі
257 ҚАЗАҚША
Аккумулятор ұстағышын
Ұзартқыш сымды
Аккумулятордың

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Dcb200

Table des Matières