Télécharger Imprimer la page

Siemens MQ955 Série Mode D'emploi page 67

Masquer les pouces Voir aussi pour MQ955 Série:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
Кестеде берілген максималды мөлшер
мен өндеу уақытының мәндеріне міндетті
түрде назар аударыңыз. X D суреті
Негізгі блок пен оның
құралдары
Бұлғауыш
Бұлғауыштың көмегімен жұмыртқа
ақуызын немесе қаймақты бұлғауға
болады. Оған қоса бисквит қамыры,
кекске арналған қамыр, құймаққа
арналған қамыр сияқты қамырды жасау
мүмкін болады. Бұлғауышты майонез
жасау үшін пайдаланбаңыз. Майонез
жасау үшін жылдам араластырғыш өзегін
пайдаланыңыз.
Илегіш
Илегіштің көмегімен ашытқан қамыр,
пицца қамыры, штрудель қамыры, нан
қамыры немесе үгілмелі қамыр сияқты
әртүрлі қамырларды жасауға болады.
Ең жоғары өңдеу көлемі 500 г ұн мен
ингредиенттерді құрайды.
X B суреті
1. Қажетті құралдар жұбын саңылауларға
орнатып, тірелгенше кіргізіңіз.
a. Құралдарды шатастырып
жібермеу үшін құралдардағы
пластик бөлшектердің пішініне
назар аударыңыз!
b. Жабысуға жол бермеу үшін
бөлек құралдарды бірінен кейін
бірі қолданыңыз!
2. Ашаны розеткаға жалғаңыз.
3. Құралдарды ыдысқа енгізіп,
құрылғыны қажетті деңгейде қосыңыз.
– 1-, 2-деңгей: қосып араластыруға
арналған.
– 3-, 4-, 5-деңгей: илеуге және бұлғауға
арналған.
– Лезде ауыстырып қосудың M
күйі: ингредиенттерді жылдам
араластыруға немесе шайқауға
арналған.
4. Араластырғышты өңдеу барысында
ыдыс ішінде ары-бері жылжытыңыз.
Айналмалы құралдарға ешқашан қол
сұқпаңыз.
5. Қалаулы консистенцияға қол
жеткізгеннен кейін ажыратқышты
0 позициясына қойып, құрылғы
тоқтағанша күтіңіз.
6. Желілік ашаны суырып алыңыз.
7. Құралдарды шығару түймесі
арқылы босатып, шығарып алыңыз.
Ажыратқыш 0 позициясында тұрмаған
жағдайда, шығару түймесін басу
мүмкін болмайды.
Батырмалы жылдам
араластырғышы бар негізгі
блок
Батырмалы жылдам араластырғыш
майонездер (бүтін жұмыртқа ғана),
соустар, араластырылған сусындар,
бала тағамдары, пісірілген жеміс пен
көкөністерді араластыру үшін жарамды.
Көжелерді езбелеп араластыруға
арналған.
Өңделмеген шикі азық-түлік өнімдерін
(пияз, сарымсақ, көкөніс) ұсату/турау үшін
әмбебап ұсатқышты қолданыңыз!
X C суреті
1. Артқы жақтағы саңылаудың
бекіткішін тірелгенше жоғары қарай
жылжытыңыз.
2. Батырмалы жылдам араластырғышты
енгізіп, толығымен қондырып алыңыз.
3. Батырмалы жылдам араластырғышты
ыдысқа салыңыз. Араластырылатын
өнімдердің шашылып кетуін
болдырмау үшін құрылғыны тек
батырмалы жылдам араластырғыш
араластырылатын өнімдер ішіне
батырылғанда ғана қосыңыз.
Назар аударыңыз!
Құрылғыны батырмалы жылдам
араластырғыш негізгі блогы
байланысатын жерімен сұйықтықтарға
батырмаңыз.
4. Ашаны розеткаға жалғаңыз.
Ажыратқышты M деңгейіне орнатып
бекітіңіз.
5. Ингредиенттерді қажетті нәтижеге қол
жеткізгенше өңдеңіз.
Басқару
kk
67

Publicité

loading