Gorenje BO7386BX Notice D'utilisation page 93

Table des Matières

Publicité

Бастауды шегеру
Осы функция духовкі барынша ұзақ жұмыс істейтін уақытты (əзірлеу ұзақтығы) жəне духовкіні
өшіру уақытын (əзірлеуді аяқтау) бағдарламалауға мүмкіндік береді.
Əзірлеуді аяқтауды функция орнатылған сəтінен 24 сағаттан кейін кешіктірмей
бағдарламалауға болады!
• Тəуліктің дəл уақыты орнатылғанын тексеріңіз.
• Əзірлеу ұзақтығын орнатыңыз. А сенсорымен 1 белгісін таңдаңыз. В «-» жəне С «+»
сенсорларымен əзірлеу ұзақтығын орнатыңыз.
• Əзірлеуді аяқтауды орнатыңыз. А сенсорымен 2 белгісін таңдаңыз. Дисплейде ағымдағы
тəулік уақыты мен əзірлеу ұзақтығының сомасы көрінеді. В «-» жəне С «+» сенсорларымен
əзірлеуді аяқтау уақытын орнатыңыз.
• Программатор əзірлеуді бастауды күтеді. Дисплейде 1 жəне 2 белгілері жанады.
• Духовкіні қосыңыз (қыздыру режимі мен температураны таңдаңыз). Духовкі белгілі уақытта
автоматты түрде қосылады (2 белгісі өшеді) жəне орнатылған уақытта өшеді. Үзілмелі
дыбыс сигналы естіледі, оны кез келген сенсорға басып өшіруге болады немесе сигнал 1
минуттан соң автоматты түрде өшеді.
• Дисплейде 1 белгісі мен «0.00» уақыты жыпылықтайды. Егер əзірлеуді жалғастыру
керек болса, А сенсорын басыңыз жəне қажет болса əзірлеу ұзақтығының жаңа уақытын
орнатыңыз.
Қол режимі
Сіз духовкіні духовкінің жұмыс істеу уақытын бағдарламалайтын функцияларды орнатпай
пайдалана аласыз. Сол үшін азық-түлікті духовкінің ішіне салып, есігін жабыңыз, қыздыру
режимі мен температураны орнатыңыз, духовкі жұмыс істей бастайды.
Духовкінің жұмыс істеу уақытын бағдарламалайтын функциялар бірінің жұмысы аяқталған
соң қол режиміне шығу үшін А сенсорын басыңыз.
Духовкі осы режимде автоматты түрде өшпейді. Əзірлеуді байқаңыз!
Оятқыш
Программатор орнатылған уақыт өткенін хабарлап, духовкіні өшірмейтін оятқыш
функциясымен жабдықталған. Оятқышты духовкі жұмысына байланыстырмай пайдалануға
болады.
Функцияның ең көп уақыты 10 сағатты құрайды!
• А сенсорымен 3 белгісін таңдаңыз. В «-» жəне С «+» сенсорларымен оятқыш уақытын
орнатыңыз.
• Орнатылған уақыт өткенде үзілмелі дыбыс сигналы естіледі, оны кез келген сенсорға
басып өшіруге болады немесе сигнал 1 минуттан соң автоматты түрде өшеді. 3 белгісі
өшеді.
Соңғы минуттың барысында дисплейде секундтар көрінеді.
Дыбыс сигналы күшін реттеу
Сигналдың дыбыс күшін реттеу үшін духовкінің жұмыс істеу уақытын бағдарламалайтын
функциялар өшіп тұруы керек. Дисплейде тек ағымдағы уақыт көрінеді.
• Дисплейде «оооо» (ең үлкен дыбыс күші) немесе «о» (ең аз дыбыс күші) белгілері пайда
болып, дыбыс сигналы естілгенше B «–» сенсорын басып, 3 секунд ұстаңыз. B «–»
сенсорын басып, дыбыс күші деңгейін реттеңіз.
93

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières