Samsung EP-PN920 Mode D'emploi page 204

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 10
Сымсыз зарядтағышты пайдалану
3
Мобильді құрылғы толығымен зарядталған болса, сымсыз зарядтағыштан ажыратыңыз.
Металл нысандар, магниттер және магнит жолағы бар карталар сияқты бөгде
заттарды зарядталатын мобильді құрылғы мен сымсыз зарядтағыштың арасына
салмаңыз. Мобильді құрылғы тиісті түрде зарядталмауы мүмкін немесе қызып кетуі
салдарынан бұзылуы мүмкін.
• Сатып алынған сымсыз зарядтағышқа байланысты тағы да бір зарядтағышты сатып
алу қажет болуы мүмкін.
• Мобильді құрылғы, зарядтағыштың беткі қабатында дұрыс орналаспаған
кезде немесе мобильді құрылғыны сымсыз зарядтау үшін орауыштың күйіне
байланысты, тиісті түрде зарядталмауы мүмкін.
• Мобильді құрылғы сымсыз зарядтағыштың орауышының мобильді құрылғыдағы
жайғасымына байланысты дұрыс зарядталмауы мүмкін.
• Сіздің мобильді құрылғыңызға қалың тыс бекітілген болса, сымсыз зарядтау дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін. Тыс қалың болса, өз мобильді құрылғыңызда сымсыз
зарядтағышқа салудың алдында, оны алып тастаңыз.
• Зарядтағыш желі сигналы төмен болатын жерлерде қолданылған кезде, желі
қосылымы ажырауы мүмкін.
• Сымсыз зарядтау кезінде зарядтағышты мобильді құрылғыға жалғасаңыз, сымсыз
зарядтау функциясы қол жетімді емес болады.
• Сымсыз зарядтағыш WPC куәліктендірілген құрылғылармен үйлесімді.
• Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз.
Зарядтағыштың Қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуатты ысыраптауды болдырмау
үшін пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розетка ұясынан ажырату керек.
Зарядтау кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді
болуы керек.
Сымсыз жылдам зарядтау
Сымсыз зарядтағыш сымсыз жылдам зарядтауға қолдау көрсетеді. Сымсыз зарядтауды
бастау үшін, сымсыз жылдам зарядтауға қолдау көрсететін мобильді құрылғыны сымсыз
зарядтағышқа салыңыз.
Samsung тарапынан бекітілген, тез зарядтауға қолдау көрсететін зарядтағыштарды
ғана қолданыңыз (EP-TA20 сериясы 9 V/1,67 A).
Сымсыз зарядтағыштың ішіндегі желдеткіш сымсыз жылдам зарядтау уақытында
жұмыс істейді. Мобильді құрылғыда осы мүмкіндік өшірулі болған кезде, желдеткіш
жұмыс істемейтін болады.
Қазақ тілі
5
5

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières