HP OfficeJet Pro 8210 Serie Mode D'emploi page 80

Masquer les pouces Voir aussi pour OfficeJet Pro 8210 Serie:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 10
HP OfficeJet Pro
Жұмысты бастау
1. Принтер реттеуді бастау үшін орнату флаеріндегі нұсқауларды орындаңыз.
Принтер дисплейінде көрсетілгенде, Setup Environment (Реттеу ортасы) экранындағы опцияны
таңдаңыз.
2. Принтерді жалғап, онлайн принтер реттеуді жалғастырыңыз.
• Егер Self-Managed (Өздігінен басқару) не болмаса жалпы не негізгі реттеу опциясын таңдасаңыз,
HP принтер бағдарламалық құралын немесе HP Smart қолданбасын жүктеп алып орнату үшін
123.hp.com/ojp8210 сайтына кіріңіз.
Windows® пайдаланушыларына ескертпе: Сондай-ақ, HP принтерінің бағдарламалық құралының
ықшам дискісін пайдалануға болады. Егер принтеріңізбен бірге ықшам диск берілмесе, оған
www.support.hp.com сайтынан тапсырыс бере аласыз.
• IT-Managed (АТ басқарылатын) немесе кеңейтілген орнату опциясы таңдалса, HP әмбебап басып
шығару драйверін жүктеп алып орнату үшін hp.com/go/upd сайтына кіріңіз.
3. Тіркелгі жасаңыз немесе принтерді тіркеңіз.
Сымсыз байланысты реттеу
Принтердің басқару тақтасындағы нұсқауларды орындап, HP принтер бағдарламалық құралын немесе
HP Smart қолданбасын орнату арқылы принтер сымсыз желіге сәтті қосылуы керек.
Қосымша ақпарат алу үшін HP сымсыз басып шығару веб-сайтына кіріңіз (www.hp.com/go/wirelessprinting).
Сымсыз байланыс ақауларын шешу
• Принтердің басқару тақтасындағы көк шам жанып тұрмаса, сымсыз байланыс өшірілген болуы мүмкін.
• Егер көк шам жыпылықтаса, принтер желіге қосылмаған.
Сымсыз байланыс орнату үшін Сымсыз байланысты реттеу шеберін пайдаланыңыз.
Сымсыз байланысты қосыңыз не сымсыз реттеу шеберін пайдаланыңыз
1. Принтердің басқару тақтасында
басып, Settings (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
2. Wireless Settings (Сымсыз байланыс параметрлері) түймесін таңдап, келесілердің бірін орындаңыз:
Wireless (Сымсыз) түймесін басып, On (Қосу) түймесін таңдап, сымсыз байланысты қосыңыз.
Wireless Setup Wizard (Сымсыз байланыс орнату шебері) түймесін таңдап, сымсыз байланыс
орнату үшін экрандық нұсқауларды орындаңыз.
Ескертпе: Экрандағы элементті таңдау үшін көрсеткі түймелерін (
басыңыз.
Кеңес: Қосымша анықтама алу үшін www.hp.com/go/wifihelp бетіне кіріңіз.
Ескертпе: Windows операциялық жүйесі орнатылған компьютерді пайдаланып жатсаңыз, ақауларды жою үшін
HP Print and Scan Doctor құралын пайдалануға болады. Бұл құралды www.hp.com/go/tools бетінен жүктеңіз.
Принтерді маршрутизаторсыз сымсыз пайдалану (Wi-Fi Direct)
Wi-Fi Direct мүмкіндігін компьютерді немесе мобильді құрылғыны (мысалы, смартфон немесе планшет)
принтерге сымсыз (бұрыннан бар сымсыз желін қоспастан) қосуға болады.
Ескертпе: Wi-Fi Direct мүмкіндігін пайдалану үшін компьютерге немесе мобильді құрылғыға орнатылған HP
бағдарламалық құралы қажет болуы мүмкін. Қосымша ақпаратты 123.hp.com/ojp8210 веб-сайтынан қараңыз.
Кеңес: Wi-Fi Direct мүмкіндігі арқылы басып шығару туралы қосымша ақпарат алу үшін Wi-Fi Direct арқылы
басып шығару веб-сайтына (www.hp.com/go/wifidirectprinting) кіріңіз.
USB байланысынан сымсыз байланысқа ауыстыру
Қосымша мәліметтер алу: www.hp.com/go/usbtowifi.
Бұл құжатта қамтылған мәліметтер ескертусіз өзгертіледі.
8210 series
(Home),
(Сымсыз) түймесін,
одан кейін (Таңдау) түймесін
,
) пайдаланыңыз және OK түймесін

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières