Қазақша - Philips RQ1180 Mode D'emploi

Masquer les pouces Voir aussi pour RQ1180:
Table des Matières

Publicité

кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетіне тіркеңіз.
Осы пайдаланушы нұсқаулығын оқуыңызды өтінеміз. Мұнда осы электр ұстараның мүмкіндіктері туралы ақпарат, сондай-ақ, қырынуды
жеңіл әрі жағымды ететін кеңестер берілген.
Жалпы сипаттама (cурет 1)
a Электр ұстара (RQ1180/RQ1160/RQ1150)
1 Триммер
2 Қорғау қақпағы
3 Қыру бөлігі
4 Электр ұстара
5 Электр ұстараны қосу/өшіру түймесі
6 Бейне
B Зарядтаушы
c Jet Clean жүйесі (тек кейбір үлгілерде болады)
1 Электр ұстараның ұстағышы
2 «Тазалау орны бос» белгісі
3 Тазалау белгісі
4 Кептіру белгісі
5 Jet Clean жүйесін қосу/өшіру түймесі
6 Тазалау орнын босату түймесі
D Тазалау щеткасы бар
E Тазалау сұйықтығы
F Қалта (тек кейбір үлгілерде болады)
g Адаптер
Маңызды
Құралды қолданбастан бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Ескертпе: Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы «құралдар» сөзі электр ұстара мен Jet Clean жүйесін білдіреді. Электр ұстараның Jet Clean
жүйесі болмаса, бұл сөз тек ұстараның өзін білдіреді.
Жалпы ақпарат
Қауіпті
-
Адаптерге судың тимеуін қадағалаңыз (Cурет 2).
Ескерту
-
Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, басқа штепсельдік ұшпен ауыстыруға болмайды, себебі бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
-
Бұл құралдар физикалық, есту-көру немесе ойлау қабілеті шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның
ішінде балалардың) қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құралдарды пайдалану туралы нұсқауынсыз қолдануына
арналмаған.
-
Балалардың құралдармен ойнамауын қадағалаңыз.
-
Құралдарды тазалағанда, сақ болыңыз. Қолыңызды күйдіріп алмас үшін, әрдайым судың өте ыстық еместігін тексеріп тұрыңыз.
Ескерту
-
Jet Clean жүйесін және зарядтағышты суға батырмаңыз және ағынды сумен шаймаңыз.
-
Құралдар мен қосалқы құралдарды ыдыс жуғышта жууға болмайды.
-
Құралдарды тек су өткізбейтін бетке қойып қолданыңыз.
-
Құралдарды тек 5-35 °C температурада зарядтауға, қолдануға және сақтауға болады.
-
Тек берілген қосалқы құралдарды пайдаланыңыз.
-
Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге түрлендіреді.
-
Зақымданған құралдарды пайдаланбаңыз.
-
Егер адаптер немесе қосымша құралдардың біреуі зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны түпнұсқа түрімен ғана
алмастыру керек.
-
Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы тесіктен су ағуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және қауіпті емес, себебі
бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
Jet clean жүйесі (тек кейбір үлгілерде болады)
Ескерту
-
Jet Clean жүйесін тек түпнұсқалы HQ200 тазалау сұйықтығымен қолданыңыз.
-
Сұйықтықтың ағып кетуін болдырмау үшін, Jet Clean жүйесін тек тұрақты, тегіс және көлденең бетке қойыңыз.
-
Jet Clean жүйесін суға батырмаңыз.
-
15 күн сайын тазалау орнының ішін босатып, ағынды сумен шаю арқылы жақсылап тазалап тұрыңыз.
-
Jet Clean жүйесі электр ұстараны жақсылап тазалайды, алайда дезинфекцияламайды, сондықтан оны басқа адамдармен бірігіп
қолданбаңыз.
-
Jet Clean жүйесінің тазалау орнын ыдыс жуғышта жууға болмайды.
-
Jet Clean жүйесі қолдануға дайын болғанда, тазалау сұйықтығы ағып кетпеуі үшін, жүйені қозғалтуға болмайды.
стандарттарға сәйкестігі
-
Осы электр ұстара халықаралық, мақұлданған қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келеді, сондықтан оны жуыну бөлмесінде немесе душта
қолдану және ағынды сумен шаю қауіпсіз болып есептеледі (Cурет 3).
-
Осы Philips құралдары электромагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға сәйкес келеді. Егер құралдар маңызды
ақпарат кітапшасындағы және электр ұстарамен бірге берілетін пайдалану жөніндегі ақпарат кітапшасындағы ережелерге сай
қолданылса, бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша, оларды қолдану қауіпсіз болып табылады.
ҚазаҚша
97

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Rq1160Rq1150Rq1150/16Rq1160/21

Table des Matières