Bosch GWS 12V-76 Professional Notice Originale page 157

Masquer les pouces Voir aussi pour GWS 12V-76 Professional:
Table des Matières

Publicité

OBJ_BUCH-2937-001.book Page 157 Thursday, July 21, 2016 1:30 PM
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
Аккумуляторды зарядтау
Ескертпе: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын қамтамасыз
ету үшін пайдалану алдында аккумуляторды зарядтау
құрылғысында толығымен зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
 Электр құралы автоматты ретте өшкеннен соң
қосқыш/өшіргішті басқа баспаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Аккумуляторды шешу (А суретін қараңыз)
Аккумуляторды шығару үшін 4 аккумуляторды босату
түймесін 5 басыңыз және аккумуляторды электр құралдан
шығарыңыз. Бұл кезде күшті қолданбаңыз.
Аккумулятор зарядталу күйі индикаторы
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 3 x жасыл
Үздіксіз жарық 2 x жасыл
Үздіксіз жарық 1 x жасыл
Жыпылықтайтын жарық 1 x жасыл
Қорғаныш жабдықтарын орнату
 Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Ескертпе: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса
немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары
бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу
керек, мекенжайларды "Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері" тарауынан қараңыз.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
 Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы 10
пайдаланыңыз.
 Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
Bosch Power Tools
Қорғаныш қаптамасын орнату (В суретін қараңыз)
Кесуге 10 арналған қорғағыш қаптама ажарлауға арналған
қорғағыш қаптамадай 7 тірелгенше орнатылады.
Қорғаныш қаптамасын реттеу
Қорғағыш қаптаманы керекті күйге тірелгенше бұраңыз.
Ол үшін сайман керек болмайды.
Ажарлауыш құралдарын орнату (В суретін
қараңыз)
 Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
 Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін 8 және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Ажарлау саймандарын қысу немесе босату үшін
шпиндельді бұғаттау пернесін 2 алға жылжытып, бір
уақытта ажарлау сайманын ажарлау шпинделін бекіту
үшін бұраңыз.
 Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын
зақымдау мүмкін.
Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері
Тегістеу құралдарының өлшемдерін ескеріңіз. Орнату
тесігінің диаметрі тірек фланецке сәйкес болуы керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Алмасты кесу шеңберлерін пайдаланғанда алмасты кесу
Қуаты
шеңберіндегі жылжыту бағытының көрсеткіші электр
≥2/3
құралдағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз
≥1/3
(корпустағы көрсеткіні қараңыз).
<1/3
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Резерв
Ажарлау сайманын 11 бұрандасымен бекітіңіз.
Бұранданы алты қырлы тұқыр кілтпен 13 бұранданың
тығырығы ажарлау сайманында тегіс жатқанша тартыңыз.
 Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш
қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей
айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
Жарамды тегістеу құралы
Осы нұсқаулықта жоғарыда атап өтілген барлық тегістеу
құралдарын пайдалануға болады.
Пайдаланылатын тегістеу құралдарының рұқсат етілген
айналымдар саны [мин
[м/с] төменде берілген кестедегі мәндерден төмен
болмауы керек.
Сондықтан тегістеу құралының жапсырмасында
көрсетілген рұқсат етілген айналымдар санын немесе
айналу жылдамдығын сақтаңыз.
Қaзақша | 157
-1
] немесе айналу жылдамдығы
1 609 92A 29F | (21.7.16)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières