Télécharger Imprimer la page

Samsung SSG-3300CR Mode D'emploi page 28

3d active glasses

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 11
• 3D бейнефильмін күн сəулесі тура түсетін немесе жарық жерде
қарасаңыз, суреттің табиғи реңкі нашарлауы мүмкін.
• 3D видеосын қараған кезде жұмыс қашықтығынан тыс шығып
тұрмағаныңызға көз жеткізіңіз.
※ Егер жұмыс қашықтығынан 3 секундқа шығып кетсеңіз, суреттер 3D
режимінде көрсетілмеуі мүмкін.
• Теледидарды 3D көзілдірігін киіп, жантайып жатып көрсеңіз, сурет
күңгірт болып көрінуі немесе көрінбеуі мүмкін.
• 3D суреттен əр пайдаланушы əр түрлі əсер алуы мүмкін. Бір
көзіңізге берілген рецепт екінші көзіңізге берілген рецептіден басқа
болса, 3D əсерін мүлдем сезіне алмауыңыз мүмкін.
• 3D көзілдірігінің линзасы немесе кез келген бөлігіне зақым келсе,
көзілдірік жөндеуге келмейді жəне оны ауыстыру керек. Сынған 3D
көзілдірігін кепілдік мерзімі аяқталмай тұрып, жаңа көзілдірікке
ауыстыруға болады. Көзілдірікке пайдаланушының қателігінен
зақым келсе, онда оған кепілдік берілмейді.
• Егер 3D құралдары немесе электрмагнитті құралдар
(микротолқынды пеш немесе интернет роутері тəрізді 2.4 Гц-жиілікті
құрал) қосулы тұрса, 3D көзілдірігі жұмыс істемеуі мүмкін. Егер 3D
функциясы күтпеген əрекет жасаса, жақын тұрған электрмагнитті
немесе сымсыз байланыс құралдарын алып қойған дұрыс.
• Электр өрісі немесе темір табақ тəрізді темір зат тұрса, 3D
көзілдірігі дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Егер 3D көзілдірігінен
күтпеген жағдай байқалса, оны барынша темір заттан алыс ұстаған
дұрыс.
• Егер 3D көзілдірігін дұрыс кимесеңіз, киіп тұрған кезде сөніп қалуы
мүмкін. Бұл мəселені шешу үшін көзілдірікті дұрыс киіңіз.
• Егер 3D бейнефильмін ұзақ уақыт қозғалмай көрсеңіз, көзілдірік
автоматты түрде сөніп қалуы мүмкін.
Қазақша-28
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
3D СУРЕТТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖƏНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ. ТӨМЕНДЕГІ ЕСКЕРТУЛЕРДІ ӨЗІҢІЗ НЕМЕСЕ
БАЛАҢЫЗ 3D ФУНКЦИЯСЫН ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МІНДЕТТІ ТҮРДЕ
ОҚУҒА ТИІС
3D функциясын қолданып отырған балаларды үлкендер жиі қадағалап
отыруы керек. Егер балаңыздан көздің шаршауы, бас ауыруы, бас
айналуы немесе жүрек айнуы тəрізді симптомдар байқалса, оның 3D
көзілдірігін киюін тоқтатып, дереу дем алдырыңыз.
3D өзілдірігін жай көзілдірік, күннен қорғайтын көзілдірік, қауіпсіздік
көзілдірігі т.с.с. тəрізді басқа мақсатта қолданбаңыз.
3D мазмұнын қараған кезде, көз шаршауы, бас ауыруы, бас айналуы
жəне жүрек айынуы мүмкін. Егер көзіңіз талықса, 3D бейнефильмін көруді
дереу тоқтатып, 3D көзілдірігін шешіп, дем алыңыз.
3D бейнефильмін ұзақ уақыт қарағанда көзіңіз талығуы мүмкін. Егер
көзіңіз талықса, 3D бейнефильмін көруді дереу тоқтатып, 3D көзілдірігін
шешіп, дем алыңыз.
3D функциясын не 3D көзілдірігін жүріп немесе қозғалып жүргенде
қолданбаңыз. 3D функциясын немесе 3D Active көзілдірігін жүріп бара
жатқанда қолдансаңыз, заттарға соғылып, басып кетіп, жəне/не құлап
жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.
Егер 3D көзілдірігін киіп ұйықтасаңыз, көзілдіріктің құлаққа таққышы
сынып қалуы мүмкін.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Келесі қауіпсіздік нұсқаулары сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
жəне мүлікке зиян келудің алдын алу үшін берілген. Өнімді дұрыс
қолдану үшін келесі ақпаратты оқыңыз.
Теледидар камерасын күн сəулесі тура түсетін жерге, қызу немесе
ылғалды жерге қоймаңыз, сынып қалуы немесе өрт шығуы мүмкін.
3D көзілдірігінің линзасына күш салмаңыз. Өнімді түсіріп алуға немесе
майыстыруға болмайды. Себебі бұлар өнімнің дұрыс жұмыс істемеуіне
əкеліп соғады.
3D көзілдірігінің құралас бөліктерін балалардан алыс ұстаңыз, əсіресе
олардың бірін балалардың жұтып қоюына жол бермеңіз. Балаңыз құралас
бөлікті жұтып қойса, дереу дəрігерге хабарласыңыз.

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Ssg-3300grSsg-3700cr